Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Айбын 3045 1 пікір 29 Қаңтар, 2025 сағат 15:28

Қорғаныс министрі Президентке есеп берді

Сурет: Ақорда сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 435
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 405
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 383