Дүйсенбі, 3 Ақпан 2025
Деп жатыр 150 0 пікір 3 Ақпан, 2025 сағат 13:24

Ұлттық қордан 850 млн долларға валюта сатылды

Сурет: turkystan.kz сайтынан алынды.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 518,2 теңгеге дейін, 1,3%-ға нығайды. Бұл туралы Мың теңге телеграм арнасы жазды. 

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 254 млн доллардан 227 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,5 млрд доллар болды.

Ұлттық банктің хабарлауынша, қаңтарда Ұлттық қордан 850 млн долларға валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуге, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді.

«Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ын немесе күніне шамамен 43 млн долларды құрады. Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Ұлттық банк Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша республикалық бюджетке трансферт бөлуге ақпанда Ұлттық қордан 550 млн доллардан 650 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді», деп мәлімдейді ҰБ.

Бас банк қаңтарда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмаған. Ақпанда БЖЗҚ-ға валюта сатып алу жоспарланбайды.

Abai.kz

0 пікір