Дүйсенбі, 3 Ақпан 2025
Жаңалықтар 148 0 пікір 3 Ақпан, 2025 сағат 13:31

Қазақстанда газ қымбаттады

Сурет: CacpianLife

Энергетика министрінің бұйрығындағы өзгерістерге байланысты сұйытылған газдың шекті құны өсіп жатыр

ҚАНШАҒА ҚЫМБАТТАДЫ

Орташа есеппен елде бағаның өсімі 20,2% құраған. Енді Астана мен Алматы тұрғындарына бір литр газ үшін 102 теңге төлеуге тура келеді, бұрын құны 82 және 89 теңге болған.

ӨҢІРЛЕРДЕГІ БАҒА

Ақтөбе және Атырау облысында баға 77 теңгеге дейін көтерілді, бұған дейін ол 59 теңге болған. Ақмола және Алматы облысында газ 102 теңгеден сатылады, бұл алдыңғы 84 және 89 теңгеден жоғары. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында отын 84 теңгеден 102 теңгеге дейін қымбаттады. Жамбыл облысында құны бұрынғы 78 теңгеден 90 теңгеге дейін, Батыс Қазақстан облысында 70 теңгенің орнына 77 теңгеге дейін өсті. Қызылорда облысында баға 70 теңгеден көтеріліп, 90 теңгеге жетті.

Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ішкі нарыққа газ жеткізу Qazaq Qaz компаниясы үшін тиімсіз екенін айтқан болатын. Жинақталған шығын 150 миллиард теңгеден асқанын, сол себепті бензин 210 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтқан.

Abai.kz

0 пікір