Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1500 0 пікір 4 Ақпан, 2025 сағат 14:54

МӘМС басшысы Әбілқайыр Сқақов қызметінен кетті

Сурет: kazaknews.kz сайтынан алынды.

Қазақстан ОПЕК + келісіміне адалдығын растап, осыған дейін уәде берген міндеттемелерін толық орындайды. Бұл туралы Энергетика министрлігі айтты

«Бүгін мен ресми түрде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы қызметінен кеттім. Бұл менің ойластырылған шешімім. Маған сенім артқаны үшін мемлекет басшылығына алғысымды білдіремін. Осындай маңызды ұйымды басқару – үлкен жауапкершілік және осы бағытта жұмыс істеп, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру саясатын іске асыру мен үшін үлкен мәртебе болды», - деп хабарлады Сқақов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол қор ұжымына алғысын білдіріп, көптеген қиындықтардан өткенін және жаңа жобаларды іске қосқанын атап өтті.

«Сондай-ақ медицина және сарапшылық қауымдастықтағы әріптестеріме ерекше ризашылығымды білдіремін. Біз ашық пікір алмасып, кейде қызу талқыға түстік. Бірақ әрдайым ортақ мақсат – МӘМС жүйесін жетілдіру үшін жұмыс істедік. Осындай бірлескен тиімді жұмыс үшін көп рақмет!» – деп жазды ол.

Бұрын Павлодар облысының әкімі болған Сқақов осы қорды 2023 жылдың қыркүйегінен бастап басқарып келген болатын.

Еске сала кетсек,  өткен жылы Қазақстанда петиция пайда болып, оның авторлары міндетті медициналық сақтандыру жүйесін өзгертуді талап еткен еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 527
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1872
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 472
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 440