Сәрсенбі, 5 Ақпан 2025
«Соқыр» Фемида 199 1 пікір 5 Ақпан, 2025 сағат 16:10

USAID ақшасыз қалды: Енді «гранттағылар» не істейді?

Сурет: dw.com сайтынан алынды.

Президент Дональд Трамптың әкімшілігі шет елге көмек көрсететін бағдарламалардың көпшілігін қаржыландыруды 90 күнге тоқтата тұру процесін бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл шешім USAID-тың Вашингтондағы штаб-пәтерінің жабылуына және қызметкерлердің бір бөлігін ақысыз демалысқа жіберуге әкелді. Трамп агенттіктің қызметін қайта қарау қажеттілігін мәлімдеді. Ал, Илон Маск USAID-ты «қылмыстық ұйым» деп атап, оның «жабылатын уақыты келгенін» айтты.

USAID-тың қызметі: миссиясы және бағдарламалары

1961 жылы құрылған USAID ұйымы демократиялық құндылықтарды ілгерілетуге және мұқтаж елдерге гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі құралы. Агенттік денсаулық сақтау, білім беру, экономикалық даму, ауыл шаруашылығы және азаматтық қоғамды қолдау сияқты салаларды қамтитын 100-ден астам мемлекетте түрлі бағдарламаларды жүзеге асырады.

USAID өзінің бағдарламалары аясында қаржыландырудың едәуір көлемін АҚШ-тың ықпалын нығайтуға, тұрақты дамуға ықпал етуге және қақтығыстардың алдын алуға бағыттайды.

Қаржыландыруды қазақстандық қандай ҮЕҰ және ЛГБТ белсенділері алады?

Қазақстанда USAID заңның үстемдігін нығайтуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобаларды белсенді қолдады. Бенефициарлар арасында БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде ЛГБТ құқықтары мен гендерлік теңдікке қатысты ұйымдар болды.

2001-2024 жылдар аралығында Қазақстанға берілген қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 2,07 млрд долларды құрады.

2024 жылдың соңында USAID Қазақстанда 27 жобаны іске асырды. Оның ішінде 15 өңірлік жоба болса, 12-сі мемлекетік. Бұл ретте, жағдайлардың басым көпшілігінде USAID әртүрлі халықаралық ҮЕҰ қатарынан делдалдардың кең желісін пайдаланады.

Тек қазақстандық 2 ҮЕҰ – «Қадыр-қасиет» ҚБ және «Десента»Қ Б тікелей қаржыландырылады.

Айта кету керек, өткен жылы бюджеті 750 мың АҚШ долларын құрайтын «Қадыр-қасиет» ҚБ жобасын қаржыландыру А.Ибраева (ҚБ басшысы) тарапынан USAID камералдық тексеру барысында қаржылық менеджмент саясаты бөлігінде заң бұзушылықтар анықталуына және негізгі нәтижелерге қол жеткізілмеуіне байланысты тоқтатылған.

USAID жұмысының «жарияланбайтын» бағыттарына Қазақстандағы ЛГБТ қозғалысын қолдау жөніндегі жобаларды қаржыландыруды атап айтуға болады. Америкалық ұйым қазақстандық қоғамға тән емес батыстық құндылықтардың таралуына белсенді ықпал етеді. Атап айтқанда, өткен жылы ЛГБТ жасөспірімдерге бағытталған халықаралық ұйымдардың қолдауымен құрылған USAID веб-сайты қоғамдық наразылық тудырған еді.

«Feminita» қозғалысының көшбасшылары Ж.Секербаева мен Г.Сержан қаражат алушылар болып табылады (екеуі 160 млн теңгеден астам қаражат алған).

Бұл ретте олар USAID – тің сенімді өкілдерінен -«Норвегиялық Хельсинки комитеті», «ILGA-Europe», «Еуразия Орталық Азия қоры», «COC Nederland», «NED» және «NDI»қаржыландыруды алады.

Желіде «Ilga-Europe» ҰҰП-ның Орталық Азия елдерінің ЛГБТ қауымдастықтарының құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі «жабық» стратегиялық жобаны іске қосу жөніндегі жоспарлары туралы әңгімелер көптен бері таралып келеді.

Кейбір дереккөздерден алынған ақпарат бойынша, «Feminita» өкілдерінің шоттарына қаражаттың бір бөлігі «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының белсенділері – «фискалдық демеушілер» деп аталатындар арқылы түседі.

«Қадыр-қасиет» ҚБ қозғалысы сияқты жүргізетін іс-шаралар қаражаттың тиімді жұмсалып жатқанына қатысты сұрақтар туғызады.

Ал әлемде қалай болып жатыр?

Мұндай бастамаларды қаржыландырудың ұқсас тәжірибесі басқа елдерде де байқалады. Трамп әкімшілігі агенттікті қоғамдық құндылығы жоқ жобаларға мақсатты түрде демеушілік жасады деп айыптады. Ал, кейбір жағдайларда тіпті американдық салық төлеушілердің мүдделеріне қайшы келеді деді. Даулы жобалар арасында ЛГБТ бастамалары да аталды. Оның ішінде Колумбияда «трансгендерлік опера» шығаруға 47 мың доллар, Перуде «трансгендерлік комикс» шығаруға 32 мың доллар және Гватемалада жынысты ауыстыру операцияларын қаржыландыруға және ЛГБТ белсенділігін қолдауға 2 миллион доллар қаржы жұмсалғаны айтылды.

Осы жобалармен қатар, Әл-Каидадағы содырларға түскі ас жеткізу, «Ауғанстанда көкнәр өсіру және героин өндіру үшін пайдаланылатын суару арналарын» салу және т. б.

Жаһандық белсенділіктен консервативті реализмге дейін

АҚШ-тың көптеген шетелдік көмек бағдарламаларын қаржыландыруды тоқтата тұруы елдің сыртқы саяси бағытының күрт өзгергенін көрсетеді. Трамп әкімшілігі ұлттық мүдделерді бірінші орынға қоя отырып, халықаралық көмекті бөлу тетіктерін қайта қарастыруда. Бұл қадамды елдердің мәдени және саяси ерекшеліктерін ескерместен «демократиялық құндылықтарды» шетелде белсенді түрде насихаттайтын дәстүрлі әрі қалыптасқан американдық тәсілден алшақтау деп санауға болады.

Саяси парадигманың өзгеруінің қосымша дәлелі — АҚШ-тың ішкі бағыты.

Республикашылардың жеңісінде көрініс тапқан қоғамдағы консервативті көңіл-күйдің өсуі — қазірдің өзінде мемлекеттің әлеуметтік саясатына әсер етуде. Оған Трамптың тек екі биологиялық жынысты заңды тануды бекітетін заңға қол қоюы дәлел болды.

Халықаралық аренада бұл АҚШ-тың тарапынан болатын идеологиялық қысымының әлсіреуін және дәстүрлі емес құндылықтар мен әңгімелердің, сондай-ақ, американдық либералды топтардың әлсіреуін білдіруі мүмкін.

Abai.kz

1 пікір