Сәрсенбі, 5 Ақпан 2025
Жаңалықтар 125 1 пікір 5 Ақпан, 2025 сағат 19:38

Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей тарабы не дейді?

Суреттер: ҚР Көлік министрлігі баяндамасынан скриндер.

Ресейдің әуе кеңістігіне жауапты "Росавиация" Ақтаудағы ұшақ апаты жайлы алдын ала есеп туралы пікір білдірді. Бұл туралы Азаттық раидосы жазды.

Агенттік Қазақстан үкіметі жариялаған есеп алдын ала әзірленген құжат қана екеніне, онда апат себептері туралы нақты тұжырым жасалмағанына назар аударып отыр.

"Алдын ала есепте ұшаққа бөгде заттар тигенін көрсететін соққы іздері бары айтылған. Бірақ қазақ тарабы ұшақ сыртындағы бұл іздер нақты неден болғанын есепте көрсетпеген. Бұл бөлшектер Ресейге сараптамаға берілмей отырғандықтан, ол заттардың не екенін анықтауға [Мәскеудің] мүмкіндігі болмай отыр", - деп мәлімдеді "Росавиация".

Агенттік есепте "Ресей аумағындағы әуежайлар ұшақты қабылдауға әзір болғанына қарамастан, экипаждың өзі Ақтауға қонуды таңдағаны" жазылған деді. "Ұшаққа құс соғылды" деген ақпаратты да диспетчерге ұшқыштар хабарлағанын атап өткен. "[Тергеу бойынша] комиссия жұмысы жалғасады, оқиға бойынша қорытынды ақырғы есепте болады", - деді "Росавиация".

Abai.kz

1 пікір