Жұма, 7 Ақпан 2025
Ел іші... 86 0 пікір 7 Ақпан, 2025 сағат 15:11

Орман қоры мақсатсыз пайдаланылды

Сурет: tumba.kz сайтынан алынды.

Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман заңнамасының сақталуын тексеру барысында мемлекеттік орман қорының нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 44 жер учаскесін анықтады.

Орман қорының экотуризмді және сауықтыру қызметін дамыту үшін берілген учаскелерін орман пайдаланушылар өртке қарсы санитарлық нормаларды сақтамай, сондай-ақ орман ресурстарын ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және орман экожүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды орындамастан жеке мақсаттарда пайдаланды.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларына іс жүзінде иелік етпейтін және агроөнеркәсіптік кешенге қатысы жоқ адамдарға шөп шабу және мал жаю үшін орман қоры жерлерін негізсіз берудің 43 фактісі анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша ауданы 20 мың гектардан асатын орман қорын пайдалану бойынша 60 шарт бұзылды.

Уақтылы қабылданған шаралар жердің деградациясы мен шөлейттенуіне, сондай-ақ аймақтың биоалуантүрлілігінің нашарлауына әкелетін орманды ұтымсыз пайдалануыналдын алды.

Орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Abai.kz

0 пікір