Сейсенбі, 11 Ақпан 2025
Саңлақ 201 0 пікір 10 Ақпан, 2025 сағат 18:34

Харбин 2025: Қазақстанда қанша жүлде бар?

Сурет: Сали Сабиров

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарында ел қоржынына 1 алтын,5 күміс,3 қола медаль түсті.

Шаңғымен еркін стилдегі 10 шақырымдық жарыста Олжас Климин үшінші болып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал алтын мен күмісті жапониялықтар Харуки Ямасита мен Такацугу Уда бөлісті.

Ерлер мен әйелдер арасында 500 және 1 500 метрдегі финалдық бәсекелер өтті. Өкінішке қарай, отандастарымыз финалға дейін жете алмады.

Бұдан бөлек конькимен жүгіру спортынан да ел құрамасына бір медаль түсті. 100 метр қашықтықта Евгений Кошкин күміс медаль иеленді.

Хоккейден ерлер құрамасы тағы да өздерінің мықты екенін дәлелдеді. Жігіттер бітіспес қарсыластары Жапония құрамасын 4:1 есебімен жеңді. Бірінші таймды белсенді бастаған жапондықтар, кейінгі партияларда ұлттық құраманың қақпасынан саңылау таба алмады. Енді жігіттер дүйсенбіде Оңтүстік Кореяға қарсы матч өткізеді. Бұл топтық кезеңдегі соңғы ойын.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан 137 спортшы Харбиндегі қысқы Азиадаға қатысып жатыр. Біздің жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады.

Abai.kz

0 пікір