Сәрсенбі, 19 Ақпан 2025
46 - сөз 1506 11 пікір 14 Ақпан, 2025 сағат 14:36

Британия музейінде сақтаулы тұрған сәукеле

Сурет: Дүйсенәлі Әлімақынның жеке мұрағатынан алынды.

Ұлыбритания ұлт­тық музейінің жә­дігерлер топтамасында сақ­таулы тұрған бұл сәу­келе хал­қымыздың сан­ ғасыр­лық киім мә­де­ние­­тінің өзгешелігін, ба­сқа халықтардан да­ра екенін дәлелдеп тұр­­ғаны сөзсіз.

Аталған жәдігер 1926 жылы Жетісу жерінен сатып алынып, Миссис Т.Каллин есімді азаматтың көмегімен музейге тапсырылған. Матадан (мақтадан) тігіліп, киізбен ай­шықталған, алтын-күмістен әшекей салынып, інжу-мар­жандармен көмкерілген бұл баскиім қай елдің көрмесінде тұрса да, сәулетін асыратынына талас жоқ.

Жәдігердің түсіндірме­сін­де «Қырғыз бен қазақ қыз­дары үйлену тойы күні немесе некенің ал­­ғашқы жылы тұңғы­шы дү­ниеге келгенге дейін ма­ңызды ме­ре­келерде сәу­келе деп ата­латын сән­ді баскиім киіп жүретін бол­ған. Жі­бекпен қап­талған ко­нустық құ­ры­лым алтын жа­ла­­тылған эле­мент­тер­­мен, інжу-мар­жандар­мен, моншақтармен, амуле­тикалық маржан жіптерімен, кү­міс түйір­шіктермен бе­зенді­рілген. Кестеленген панель қалың­дықтың өрілген шаштарын жасырып тұруға арналған» делінген.

Дүйсенәлі Әлімақын

Abai.kz

11 пікір