Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2298 0 пікір 14 Ақпан, 2025 сағат 15:01

Қазақстан азаматтарының банк картасына бақылау күшейеді

Сурет: Егемен Қазақстаннан алынды

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің хабарлауынша, енді бір банктің бес немесе одан да көп картасы бар азаматтар назарда болады. Оларды тіпті заңсыз ақша айналымына қатысы болуы мүмкін деп арнайы санатқа кіргізеді.

Қаржы ұйымының өзі бірнеше картасы бар клиентінің кімге ақша аударғанын, кімнен ақша түскенін тексеріп, ақпаратты сақтап отыруға міндеттеледі. Құзырлы органдар бүгінде алаяқтарға ұрланған қаражатты шығаруға көмектесетін дропперлер көбейгенін жиі айтады

"Бұл шаралар негізінен есірткінің заңсыз айналымы тәуекелдерін барынша азайту мақсатында және дропперлер санын азайту үшін қабылданған. Осыған орай банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңына сәйкес қосымша мәлімет сұрауы мүмкін", – деді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бас маманы Асқар Сейданов.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1391
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2965
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1036
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 969