Сәрсенбі, 19 Ақпан 2025
Ауыс-түйіс 1570 8 пікір 14 Ақпан, 2025 сағат 17:53

Президент ауыс-түйіс жасады: Кімдер тағайындалды?

Суреттер: orda.kz сайтынан алынды.

Бүгін Қазақстан президенті бірқатар ауыс-түйістер жасады. Президент Жарлықтарын Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Сонымен, кімдер қандай қызметтерге тағайындалды?

Тамара Дүйсенова – Президент көмекшісі

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазылған Жарлықта.

Осыған дейін Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып келген.

Ермек Көшербаев – вице-премьер

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Жарлықта.

Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді.

Нұрлан Ұранхаев – Абай облысы әкімі қызметінен алынды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды», - делінген Жарлықта.

Abai.kz

8 пікір