Қазақстанды арандату: Лавровтың қос өтірігі

Сергей Лавров, жетпіс беске келген жасына қарамастан (1950 ж. 21 наурыз), Ресей Федерациясы сияқты территориялық алып мемлекеттің Сыртқы істер министрі қызметін табаны таймай 2004 жылдың 9‑наурызынан атқарып келеді. Ол Мәскеу қаласының тумасы. Сол қалада №607‑ші ағылшын тілін тереңдете оқытатын мектепті, 1972 жылы МГИМО‑ны бітіріп, ағылшын, сингал, француз тілін меңгерген дипломат дипломын алған. Әртүрлі дипломатиялық қызмет атқарып, 1992 жылы алғаш рет РФ СІМ орынбасары болды. Кейін осы мекемені басқаруды өз қолына алды.
ӨТІРІКТІ ОЙДАН ҚҰРАСТЫРУ ДА ‑ ӨНЕР
Иә, оның бұл министрлікке басшы болып келуі кезі Ресей президентінің Еуропада, соның ішінде Германияда «Жаңа типтегі прогрессшіл президент» деген атағы жер жарып тұрған кез еді. Сондықтан, шет тілдерді жетік меңгерген С.Лавровтың да Батыстағы образы жаңымды қалыптасты. Тек қана, 2008 ж. Путин Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде өзінің СССР сияқты алып мемлекеттің күйреуін «теңдесі жоқ апат» деп атап, қазіргі Ресейдің енді КСРО‑ның функционалды міндеттерін атқаруы оның «тарихи миссиясы» деген сарында сөз сөйлеген смоң ғана, батыс тіксініп қалды. Бірақ, ол РФ мен Еуропа арасындағы экономикалық және өзге қатынасқа еш кедергі болған жоқ – Ресей Грузияға шабуыл жасаса да, оны Еуропа елеусіз қалдырды... Одан өзге «приднестровье» бар, оның алдындағы «екінші \Шешен соғысы» бар – ол тасада қала берді... Міне, С.Лавровтың «өтірігі» осы кездерден басталатын болса керек, сірә... Содан бергі уақыттарда қаншама «өтіріктерді» ойдан құрастыру, оны әспеттеп, әдемі қағазға орап, Сыртқы әлемге жеткізе білу де үлкен өнер – С.Лавров осы «өнерді» дер кезінде игере білді.
2014 жылы Украина халқы Қазақстан президенті Назарбаевтың «идеясынан» туған, кейін Назарбаев, Путин және Лукашенко бірігіп «аялап өмірге әкелген» ЕврАЗЭО‑ына «өз еркімен» кіруден бас тартып, «үштік» ойламаған жерден Украинаның проресейшіл президенті Януковичке қарсы майдан жасады. Ақыры, халық өз дегенінен танбаған соң, Янукович Ресейге қашып кетті. Ал, оған өкпелі Лавров әлемге «тарихи әділеттілік» туралы кезекті шоуды ұсынды. Нәтижесінде Қырым түбегі аннекцияланды. Келесі кезекте Украинаның екі өндірістік облыстары Донецк мен Луганск «халықтық мемлекеттері» пайда бола кетті... Ол үшін де «РФ‑ның бұған еш қатысы жоқ» деген мәліметті С.Лавров БҰҰ мінберінен талай рет қайталап айтуына тура келді. Әлем аң‑таң: «көз басқаны көріп тұр, құлақ басқаны айтып тұр» деп... Міне, әлемдік саясатта «өтірік» осылай шыңдалады екен... Өтірік айтсаң да – «өтірікті ‑ шындай, шындықты – құдай ұрғандай» етіп айт дегендей...
С.ЛАВРОВТЫҢ БІР МӘЛІМДЕМЕСІНДЕГІ БІРІНШІ ӨТІРІК
Соның бірі күні кеше орын алды. РФ ашқан соғыстан «жан алысып, жан берісіп» жатқан Украина өткен аптада Ресейдің Кропоткинская деп аталатын мұнай айдау стансасына өзінің дрондарымен соққы берді. Нәтижесінде, КТК мұнай құбыры жартылай істен шығып, одан өтетін мұнай көлемі азайды. Бұл, әрине, осы құбыда үлесі бар Қазақстанға де, оның экономикасына да кері әсерін тигізетіні анық. Енді Қазақстан мұнайы экспорты бір жарым айға 30%‑ға қысқаратын болды. Бірақ, бұл құбырдан Ресей де өзінің транзиттік үлесін алып отыр емес пе? Ендеше, қазіргі соғыс жағдайында «құбыр қызметінен» түскен ақша сол соғысты қамтамасз етіп жатқан жоқ па? Бірақ, С.Лавров оған айылын жимастан кезекті өтірігін құрастырып, «Оған Ресейдің еш қатысы жоқ. Украина бұл жолы бізге емес, Қазақстанның мұнай инфрақұрылымына шабуыл жасады» деееп отыр...
Ал, шын мәнісінде КТК консорциумы құрылғаннан бері, оның акциялары бірнеше мемлекеттер мен корпорацияларға бөліске салынған, олар: «Транснефть» компаниясы арқылы Ресей – 24%, ресейлік Лукойл – 12,5%, КТК компани – 7%, Қазақстан Қазмұнайгаз компаниясы арқылы – 19%, Шеврон (АҚШ) – 15%. Міне, өтіріктің көкесі осы жерде болып тұр. Ресей пайыздық тұрғыда КТК акционерлері көшін бастап тұр. Одан орасан зор пайда тауып отыр. Сол себепті, Ресей өз территориясындағы КТК аумағы қауіпсіздігін өзі толықтай қорғап, оған кепілдік беруі тиіс еді. Егер, ол аумақта форс‑мажорлық жағдай орын алса, кінәлі тарап өтемақы лөлеуі тиіс заң бойынша...
С.Лавров осы «ақиқаттан» қашып, оған Украиндерді кіналамақшы. Себебі, олар атқылаушы жақ. Бірақ, солай болған күннің өзінде, Қазақстанның оған еш қатысы жоқ – ол неге зиян шегуі тиіс. Егер, РФ Украинаға соғыс жарияласа, онда ол КТК желісіне неге әуе қорғанысын орнатпаған? Кім ол жерге ПВО күштерін қойып, КТКны қорғауы тиіс? КТКда үлесі бар АҚШ па, әлде басқа ма?
С.ЛАВРОВТЫҢ ОСЫ МӘЛІМДЕМЕДЕГІ ЕКІНШІ ӨТІРІГІ
С.Лавров осыған дейін де «Кім айтыпты «Ресей Украинаға соғыс ашты деп» – біз Украинаға соғыс ашқан емеспіз» деп талай мәрте БҰҰ және басқа халықаралық отырыстарда айтты. Ондағы отырған жұрт бұл «құдай ұрғандай өтірікке» шыдай алмай, тұтас орындарынан тұрып, залды тастап шығып кеткен кездер де болды... Енді міне, «Біз ешқашан Украинаның энергетика саласын атқылаған емеспіз» дейді, беті бүлк етпей...
Олай болса, жақында «Біз Әзербайжан ұшағын да атқыламадық» деген сыңайға ашуланған Әзербайжан не себептен РФ өтірігіне жауап ретінде Украинаға 1 млн долларға электр өндіруші генераторларын жібереді? Эгер, Украина энергетика жүйесі аман сау болса, онда оларға генераторлардың қажеті қанша? Генераторды Әзербажан ғана емес, бүкіл Еуропа елдері жіберіп жатыр ғой – неге?
Сонымен, осы өтірік аз болса, кеше ғана С.Лавров Сауд Арабия барған АҚШпен келіссөз сапарында «Біз Украинаға соғыс ашқан жоқпыз» деп гу дегізді... Сонда ол онда неменеге барды – соғыс атысын қалай тоқтатамыз деген АҚШ ұсынысын талқылау үшін емес пе?
Туу, С.Лавровтың өтірігі шыңырау ияқты екен – түбі көрінбейді ғой, түбі жоқ!..
Abai.kz