Жұма, 21 Ақпан 2025
Билік 504 0 пікір 20 Ақпан, 2025 сағат 15:16

Инвестиция тарту – әкімдер мен министрлердің міндеті!

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді.

Басты мақсат – ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру.

Сыртқы істер министрлігі, Kazakh Invest компаниясы басшылығының жұмыс қарқыны және инвестициялық қызмет динамикасына әсер еткен факторларды талдау бойынша ақпараты тыңдалды. 2024 жылы Қазақстанда 1,85 трлн теңгеге 230 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Инвестициялық штабтың жұмысы бір жыл ішінде жалпы құны $50 млрд-тан асатын жобалар бойынша инвесторлардың 115 проблемалық мәселесін жоюға мүмкіндік берді.

Қазақстанның неғұрлым жоғары қайта өңдеу және экспорттық мүмкіндіктер үшін әлеуеті бар бәсекелестік артықшылығы басым тауашаларға инвесторларды мақсатты тарту тәсілі енгізілуде. Ынтымақтастық пен белсенді инвестициялау кезеңіне өтудің нақты перспективалары бойынша келіссөздер жүргізу үшін сала көшбасшысы – үздік 10 компания анықталды. Осылайша, жұмыс экономиканың қажеттіліктерін, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын және басқа факторларды ескере отырып, «инвестицияларға тапсырыс беру» қағидаты арқылы қайта құрылады.

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Мысалы, Қытайдың ірі агроөнеркәсіптік компанияларымен нәтижелі жұмыс жүргізілді. Fufeng Group жақын арада Жамбыл облысында $350 млн-ға жүгеріні терең өңдеу арқылы натрий глутаматын өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Dalian Hesheng Holding Group биыл жазда Ақмола облысында бидайды терең өңдеу кешені шеңберінде $650 млн-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарына кіріседі. Барлық компаниялармен жобаларды «жайластыру» бойынша белсенді жұмыс жалғасуда, яғни инфрақұрылымға қол жеткізу және әкімшілік мәселелерді жедел шешуді қосқанда, қолайлы жағдайлар жасау.

Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенді, энергетиканы, өнеркәсіпті, құрылыс материалдарын өндіруді және басқаларын қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын қамтитын $12 млрд инвестициялардың жалпы көлемі бар 20 стратегиялық жоба айқындалды.

Ұсынылған жобалардың ішінен биыл 14 жоба бойынша инвестициялар туралы келісімдер жасасу қарастырылуда, 13 жоба бойынша – құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы, тағы 16 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарланып отыр.

Abai.kz
0 пікір