Рахмоновтың UFC титулдық жекпе-жегі өтпейтін болды

UFC қазақстандық жауынгері Шавкат Рахмоновтың тренері Эдуард Базров UFC 315 турнирінде титулдық жекпе-жектен бас тарту себептері туралы айтып берді.
Бұған дейін қазақстандыққа қарсы жекпе-жектің орнына жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Белал Мұхаммед австралиялық Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізетіні белгілі болған. Жаттықтырушының айтуынша, Рахмонов келесі жекпе-жекті осындай қысқа мерзімде өткізуге дайын емес екен.
Маңызды да күрделі де ештеңе жоқ. Тек 10 мамырда біз толық дайын болмас едік. Біз экстремалды жекпе-жекке шыққымыз келмейді. Бұл өте маңызды қадам. Өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан біз жақсы жаттығу жасап, дайындықтың барлық кезеңдерінен өткіміз келеді. Біз сонымен қатар, Рамазан айындағы оразаны ескере отырып, 10 мамырда белбеу үшін күресуге дайын емеспіз деп шештік. – деді Базров.
Abai.kz