Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Күбіртке 732 0 пікір 25 Ақпан, 2025 сағат 20:12

Енді үй кезегіне кез келген адам тұра алады. Шарттары қандай?

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң шеңберінде енді кез келген азамат үй кезегіне тұра алады. Тұрғын үйге қатысты бұрынғы заң бойынша баспана кезегіне көпбалалы отбасылар, жетім балалар, I, II топтағы мүгедек жандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері сияқты белгілі бір санаттағы адамдар тұра алатын еді.

Негізгі талап – кейінгі 5 жылда баспанаң болмауы қажет. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кейінгі 3 жылда тіркеуде тұрғаныңызды растауға тиіссіз.

Жаңа заң бойынша кезекке тіркеу мен үйді бөлу құзіреті «Отбасы банкіне» берілді.

Кезекке онлайн тұрасыз. Әрі қарайғы жұмысты орталық реттейді.

Мұқтаж жандар арасында тұрғын үйді бөлу есепке қою күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асады. Яғни ұзақ уақыт кезекте тұрған азаматтар алдымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ бөлу кезінде тұрғандардың табыс деңгейі ескеріледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 257
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 332
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 418
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 240