Дүйсенбі, 3 Наурыз 2025
Деп жатыр 198 1 пікір 3 Наурыз, 2025 сағат 14:20

Қазақстанда 2684 мектеп қос тілде оқытады

Сурет: Edunews.kz сайтынан алынды.

Ұлттық білім беру дерекқорынан алынған мәліметке сәйкес 2024-2025 оқу жылында елімізде сегіз мыңға жуық мектепте 3,9 млн бала білім алып жатыр. Оның ішінде 4097 мектеп қазақ тілінде (2 720512 бала), 2684 мектеп аралас, 1124 мектеп орыс тілінде (1 233 969 бала) оқытады.

«Соңғы жылдар көрсеткіші бойынша аралас тілде білім беретін мектептердің көбеюі мемлекеттік тілде білім алуға ниет білдірушілердің санының артуына байланысты»,— деп министрлік өкілдері.

Орыс тілінде оқытатын мектептер Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында көбірек тіркелген.

«Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың сұранысына қарай ағылшын, ұйғыр, өзбек тілдерінде білім беретін мектептер жұмыс істейді»,— деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі.

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды.

Abai.kz

1 пікір