Сейсенбі, 4 Наурыз 2025
Әне, көрдің бе? 184 0 пікір 3 Наурыз, 2025 сағат 20:07

Күдікті 69 жаста: Нығматулиндердің біріне іздеу жарияланды

Сурет: todayinfo.kz сайтынан алынды.

Бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің інісі Арғын Зайруллаұлына бүгіннен бастап іздеу салынған.

Арғын – Ерлан мен Нұрлан Нығматулиндердің үлкен ағасы. Қарағанды ​​облысы мәслихатының экс-депутаты.

Сурет: todayinfo.kz сайтынан алынды.

Күдікті Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулин.

Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның «қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде жария болды. Ресми дереккөз жазғандай, оны іздеуге бастамашы болған прокуратура, ал іздейтін – Антикор.

Қазақстан Республикасының азаматы, 1955 жылы туған, қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 жыл. Астана өңірінде тіркелді. Бастамашы —  прокуратура. Іздестіруді жүргізетін орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», — деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.

Дереккөзі: todayinfo.kz 

Abai.kz

0 пікір