Қабатын ит үрмейді...
Күллі әлем үшін әлеуметтік желі шын мәнінде майдаң алаңына айналып кеткен...
Сондықтан да, осы майданның алдыңғы шебінде жауға анық көрінетін шындықты, әрекеттеріңді, өз ұстанымың мен стратегияңды жасыра білуің керек...
Жазатын да нәрсе бар, жазбайтын да нәрсе бар...
Мемлекеттің, ұлттық күрестің, жеке бастың да басты идеяларын мынау тым ашық әлемде жаудан әрдайым қатаң құпия ұстай білу керек...
Мүмкін, ол үшін жеке көзқарасыңды, маңызды ойларың мен кейбір сезімдеріңді іште бүгіп үйренуің де қажет болатын шығар...
Кім акылды, кім сабырлы да майысқақ дегеннен бұрын, кез келген құпияны мығым сақтай алған субъектілер жеңіске жетеді дегенді әрбір әлеуметтік желіні пайдаланушы берік есте сақтап, ұстанғаны жөн...
Сонымен қатар, өзінің ой - өрісінің жетімсіздігін толықтырып, өзгеге «ақылды» болып көріну үшін Жасанды Интеллектті (ЖИ) пайдаланып, соған дайындатқан ақпаратты тарататын «тесік бастар» көбейіп кетті...
Ең қауіптісі Facebook та, ЖИ де саған берген ақпаратының қарымына сенің жеке деректеріңді 100% жинап, архивтейді. Мұның барлау деректерін жинайтын алгоритм екенін ешкім түсіне бермейді.
Тіпті, бәріміздің ұялы телефондағы күнделікті бүкіл сөйлесулері толық екі жыл бойы соған жауапты оператордың деректер базасында сақталып қалады. Сонымен бірге құрылғыңның өзінде де.
Бір досым:
«Телефонмен емес, кездесіп сөйлесейік» дегенде, екіншісі:
«Бізді кім тыңдап отыр дейсің?» деп шамданған еді.
Телефонмен не сөйлесіп, не сөйлеспеуіңнің өзі сенің тағдырыңды айқындайды...
Біз бәріміз түрмеге айналған технологиялық әлемде өмір сүріп жатқанымызды ұмытпаңдар.
Бұл үнсіз, қан төгіссіз соғыс...
Қабатын ит үрмейді...
Амантай Тойшыбайұлы
Abai.kz