Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Билік 2295 0 пікір 4 Наурыз, 2025 сағат 14:11

Үкімет тұрғын үй салуға 500 млрд теңге бөледі

Сурет: BAQ.KZ сайтынан алынды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев биыл елімізде 19 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілетінін жеткізді.

Биыл 19 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталған.

Атап айтқанда:

  • 21 мың жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 300 миллиард теңге қажет.
  • инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым қажеттілігі 120 миллиард теңге.
  • Отбасы Банкінің «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша 80 миллиард теңге қажет.

«Министрліктің тұрғын үй құрылысын ынталандыру және кезекте тұрғандарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойныша бастамаларын қолдауыңызды сұраймын», – деді Нағаспаев Үкімет отырысында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930