Қазақстанда жұмылдыру жүйесі қалай өзгереді?

Резервтегі әскери қызмет: Қазақстанда жұмылдыру жүйесі қалай өзгереді?
2025 жылдан бастап Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі әскери қызмет пайда болады.
Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданды. Бұл дегеніміз әскери міндеттілерді аумақтық қағидат бойынша ерікті түрде даярлау. Жаңа жүйе армия санын көбейтпей, елдің жұмылдыру дайындығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде 2 мыңға жуық резервтегілерді шақыру жоспарланып отыр. Бағдарламаны іске асыру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет, атап айтсақ:
– Еңбек кодексі – резервтегі адам мен олардың жұмыс берушілерінің құқықтарын реттейді.
– «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға резервтік қызмет туралы жеке тарау енгізіледі.
Резервтегі қызмет қалай өтеді?
Қызмет келісімшартқа негізделген және негізгі жұмыспен біріктіріледі. Резервтегі адамдар жақын маңдағы әскери бөлімдерде әскери дайындықтан өтеді.
Бағдарламада қарастырылады:
– 2 айдан аспайтын жылдық жиындар.
– 30 күндік оқу-жаттығу жиыны.
– қысқа айлық сабақтар (2-3 күн).
Резервке кімдерді алады?
Іріктеу қағидалары келісімшарт қызметіне ұқсас. Негізгі талап – әскери дайындық.
Жас шектеулері:
– Офицерлер – 60 жасқа дейін.
– Сержанттар мен сарбаздар — 50 жасқа дейін.
Әйелдер де жалпы негізде резервтегі қызметке кіре алады.
Жалақы қандай?
Резервтегі адамдар жұмысын жоғалтпайды, олардың орны сақталады. Төлемақылары жұмыспен қамтылуына байланысты:
– жұмысы бар резервтегі адамдар негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақыға барабар жалақы алады.
– жұмыссыздардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңге болады.
Резервтегі адамдардың әлеуметтік пакеті қандай?
Олар тегін медициналық қызметпен, тамақпен қамтамасыз етіледі, әскери атағын көтеру мүмкіндігі, қызмет ету уақыты үшін ақшалай төлемдер де бар, еңбек өтілінде резервтегі қызметі де есепке алынады, жарақат алған жағдайда өтемақы беріледі.
Қазақстанға резервтік армия не үшін қажет?
Реформаның басты мақсаты – армия санынын арттырмай, шығындарды едәуір көбейтпей, елдің жауынгерлік дайындығын нығайту. Бұл тәжірибені әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің әскерлері қолданады.
Резервтегі адамдар – бұл әскери дайындықтан өткен және қажет болған жағдайда армияны күшейтуге әзір азаматтар. Мұндай жүйені мынандай мүмкіндіктері бар:
– Елдің қауіпсіздігін арттыру. Дағдарыс жағдайында армия ешқандай дайындығы жоқ әскерге шақырылушыларға емес, дайындалған жауынгерлермен толығады.
– Машықтарын арттырады. Резервтегі адамдар тұрақты жаттығулардан өтеді, тактикалық және стратегиялық дайындықтан өтеді, заманауи қару-жарақты қолдануды үйренеді.
– Жаңа мансаптық мүмкіндіктер жасайды. Резервтегі қызмет тәжірибесі күш құрылымдары мен мемлекеттік қызметте бағаланады.
– Қосымша төлемдер мен жеңілдіктер беріледі.
Осылайша, жаңа жүйе Қазақстанға жұмылдыру ресурстарын тиімді басқаруға және армия үшін кадр резервін дайындауға мүмкіндік береді.
Abai.kz