Бейсенбі, 6 Наурыз 2025
Ақмылтық 487 6 пікір 6 Наурыз, 2025 сағат 13:23

Депутат Шаталов Ресей БАҚ өкілдеріне шағымдануда...

Сурет: check-point.kz сайтынан алынды.

Ресейлік БАҚ-та «Аманат» партиясының депутаты Шаталовтың ұлтына байланысты қысым көріп жатқаны туралы тақырып кеңінен таралуда. Оны ресейлік «RBK», «Gazeta.ru», «Lenta.ru», «Rambler» жаңалықтары жарыса жазып жатыр.

Олар «AMANAT, сіз бұл мәлімдемеден хабардарсыз ба?» деп, Қазақстан Мәжілісінде басымдыққа ие болып отырған партияға сұрау да салыпты...

Мәселен, «RBK-дан» дәйексөз былай дейді:

«Қазақстан Мәжілісінің «Аманат» партиясынан сайланған депутаты Никита Шаталов әлеуметтік желілерде қазақстандық пайдаланушылар тарапынан шабуылға ұшырағанын айтты. Оның айтуынша, мұның басты себебі – оның этникалық орыс екендігі. Бұл туралы ол палатаның кулуарында журналистерге мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, мен мұндай көріністердің (әлеуметтік желідегі сын – РБК) тек менің этникалық орыс болғаным үшін болып жатқанын мойындауға мәжбүрмін. Дәл сондықтан», – деді Шаталов, оған қатысты айыптаулар оның проресейлік ұстанымы үшін айтылды ма деген сұраққа жауап бере отырып (ТАСС-тың келтірген сөзі).

Шаталов өзінің көпшілік алдында сөйлегенде, әсіресе сыртқы саясат мәселелеріне қатысты, әрдайым Қазақстанның ұлттық мүдделерін  басшылыққа алатынын атап өтіпті. Сонымен қатар, ол адамдардың «ақпаратты бұрмалап, тарататынын» және оның жазбаған, айтпаған сөздерін қолданып отырғанын мәлімдеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БІЛМЕЙ СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТУРАЛЫ АЙТУ ҚАУІПТІ

Ақпан айының ортасында Шаталов өзінің «Telegram-арнасында» Украина билігін Каспий құбыр консорциумына дронмен шабуыл жасағаны үшін сынға  алды. Депутат бұл шабуылдың Қазақстанға шығын келтіргенін және республика мүдделеріне жасалған агрессия екенін айтып, «украин тарапын жауапқа тарту қажет» деп мәлімдеді. Ол консорциум арқылы өтетін мұнайдың 90%-ы қазақстандық екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Ресей-Украина қақтығысында бейтарап ұстанымда болғанын, ешбір тарапты қолдамағанын еске салды.

Сурет: Abai.kz скрині.

Енді осы мәселеге тоқталайық: былай қарасаң, Шаталов Қазақстанның мүддесін қорғап отырғандай көрінеді, әрине.  Алайда, ол туралы Abai.kz өткенде «Қазақстанды арандату: Лавровтың қос өтірігі» атты мақала жариялап, «Украинаның «Кропоткинская» станциясына шабуылына Ресейдің еш қатысы жоқ. Украина бұл жолы бізге емес, Қазақстанның мұнай инфрақұрылымына шабуыл жасады»  деп айтқан болатын.

Сонда Abai.kz мына шындықты жариялаған еді:

«КТК консорциумы құрылғаннан бері, оның акциялары бірнеше мемлекеттер мен корпорацияларға бөліске салынған, олар: «Транснефть» компаниясы арқылы Ресей – 24%, ресейлік Лукойл – 12,5%, КТК компани – 7%, Қазақстан Қазмұнайгаз компаниясы – 19%, Шеврон (АҚШ) – 15%. Міне, өтіріктің көкесі осы жерде болып тұр. Ресей пайыздық тұрғыда КТК акционерлері көшін бастап тұр. Одан орасан зор пайда тауып отыр. Сол себепті, Ресей өз территориясындағы КТК аумағы қауіпсіздігін өзі толықтай қорғап, оған кепілдік беруі тиіс еді. Егер, ол аумақта форс‑мажорлық жағдай орын алса, кінәлі тарап өтемақы төлеуі тиіс заң бойынша»,  – деп.

Ендеше, бұл жерде  депутат Шаталов «Лавровтың өтірігін» қайталап,  «Қазақстанның мүддесін қорғадым» дейді. Ал, Консорциум Шарты бойынша «Кропоткинская» мұнай айдау станциясы Ресей территориясында, оның қауіпсіздігін қорғауға Ресей Федерайиясы Шарт бойынша міндеті. Ал,  Ресей мен Украина арасындағы қазіргі жүріп жатқан соғыста Қазақстан бейтарап саясат ұстанып отыр. Біздің елдің бұл соғысқа ешқандай қатысы жоқ. Ал, Украина мен Ресей инфрақұрылымдарын өзара атқылап жатқаны да шындық – соның ішінде мұнай саласы да бар...

Бірақ, сол себепті, депутат Шаталов «Қазақстан мүддесін қорғау үшін» ең алдымен өзіне «Қазақстанның Ресейдегі «Крапоткинская» станциясын әуе шабуылынан қорғау үшін сол маңайға өзінің Әуе қорғанысы күштерін енгізуіне құқы бар ма?» деген сұрақты қойғаны дұрыс еді ғой. Егер оған Халықаралық Заңдар тұрғысынан рұқсат болса, онда Шаталов «Станцияны қорғау үшін одан үлесі бар АҚШ‑та өзінің «Пэтриот» әуе қорғанысы комплексін осында неге әкеліп қоймайды?» деген екінші сұрақты қоюы керек еді...

Ал, бірақ Халықаралық заң нормасында бұл ‑ «Тәуелсіз РФ мемлекетінің ішкі ісіне қол сұғу, оған әскери қауіп төндіру» болып саналмай ма? Ендеше, Шаталов өз сөзімен Қазақстанның осы соғысқа қатысты «бейтараптық» ұстанымын бұзып, осы сөзімен Украинаны қолдап отырған барлық Еуропа елдерін Қазақстанға қарсы қоймаушы ма еді?..

Сонда, депутат өзінің шала сауаттылығы арқасында президентіміз Қ.К.Тоқаевтың осы шиеленісті кезде барлық елдермен тең дәрежеде, бейтарап, бейбітшілік саясатын ұстанып, мұндай қиын жағдайдан қалайша абыроймен шығамыз деп жатқан еңбегін жоққа шығарып, президентке қарсы шығып отырғанын түсінбегені ме?

Ендеше, мұндай – еліміздің сыртқы саясаттағы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін, Қазақстанды шиеленісті жағдайға итермелейтін депутат Шаталовтың Қазақстан Мәжілісінде отыруға құқы бар ма? Жоқ, дейміз, әрине! Енді осы мәселені Аманат партиясынан шұғыл қарауды талап етуіміз керек сияқты. Сайлаушылар да осыны айтып, Шаталовты қатаң сынға алды.

КІМ БОЛСАҢ ДА ӘДІЛДІГІН АЙТ!

Бірақ, Шаталов бұл жерде бұлт етіп, тайқып шыққысы келеді. Ол енді «менің ұлтым орыс болған соң маған осылай тиісіп жатыр» деп, кімнен екені белгісіз, көмек сұрарлық кейіпке ене қалыпты... Сонда, сайлаушылар «оның ұлты орыс» десе – ол қалай Мәжілісте отыр? Керісінше, сайлаушылар Шаталовты осыған дейін «Қазақ тілін біледі, қазақ халқын силайды» деп, төбеге көтеріп келген жоқ па? Бұл жерде ұлттың қандай «шатағы» бар десеңші...

Сондай-ақ, Шаталов АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен кезде Украина президенті Владимир Зеленскийдің әрекеттерін сынға алды. Депутаттың айтуынша, Украинада бейбітшілік орнату мәселесінде Ресей «бастапқыда әлдеқайда ымырашыл ұстаным танытқан» ‑ деп жазыпты ресейлік БАҚ. Бірақ олар «Бұл депутат Шаталовтың пікірі ме, болмаса, ұлты орыс Шаталовтың пікірі ме?» деген сұраққа неге жауап жазбаған?.. Сол қызық болып тұр...

Қазір Ресей мен Украинадағы араағайындықты АҚШ президенті Трамп қолына алды. Өзге тараптар бейтараптық танытып, аңысын аңдып үнсіз отыр. Ендеше, депутат Шаталовқа не жорық? Ол, осы пікірімен тағы да Мәжілістің атына, ел президентінің атына кір келтіріп, олардың халықаралық беделін түсіруге жол ашып отыр...

Сонда ол кімнің мақсатын көздейді? Ендеше, сайлаушылардың «депутат Шаталов Мәжілістен кетсін!» деген талабы өте орынды ма дейміз...

Тақырыпқа тұздық:

Никита Шаталов өзінің «Шаталканал» деп аталатын Телеграм арнасында ақтала сөйлеп, жазба жариялапты. Онда былай дейді:

«Бәріміз қазақпыз ғой! В ответ на все, что про меня пишут, хочу сказать одно: я больше казах, чем русский, и это моя основная идентичность. Хотя за все это время меня называли и ватником, и иноагентом, и прокремлевским. В этом нет ни доли правды, и я всех призываю внимательно изучить мои позиции по острым вопросам.

В последнее время вокруг меня много различных инсинуаций: то мне приписывают то, что я специально в биографии указал местом рождения КазССР, то российские СМИ вырывают из контекста мои слова и намеренно придают им не тот смысл, который я закладывал. Признаю, что мое последнее высказывание можно трактовать двояко, это моя ошибка. Но только если не прочитать или не посмотреть его полностью.

За громкими заголовками, которые сейчас продвигаются в социальных сетях, нет ни доли правды. Зато есть попытки откровенных манипуляций и информационных интервенций. Это то, с чем я последовательно борюсь все время моей работы в Мажилисе. И сейчас тоже не оставлю это просто так.

Мне повезло родиться в независимом Казахстане, когда никакого СССР, слава Богу, не было. Я здесь вырос, женился, родил детей, другой Родины у меня нет и не будет.

Есть хорошее крылатое выражение: «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ!». Могу заверить, что подобная ситуация не повторится», - дейді.

Abai.kz

6 пікір