Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Саңлақ 4411 6 пікір 20 Наурыз, 2025 сағат 21:46

«Мен қазақпын, бірақ отаным – Ресей» – бокстан әлем чемпионы Салтанат Меденова

Сурет: vesti.kz сайтынан алынды.

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған ресейлік қазақ Салтанат Меденова «Матч ТВ» телеарнасына сұхбат беріп, өзінің ұлтына қатысты да мәлімдеме жасады.

Ол Қазақстанға қоныс аудару жоспарында жоқ екенін, отаны Ресей екенін айтты.

Әлем чемпионы атану арманым еді. Ақша үшін емес, тұғырда тұрып әнұран орындауды армандайтынмын. Мен қазақпын. Маған қазақстандықтар «еліңе қайт» деп айтып жатыр. Бірақ менің елім, отаным – Ресей. Мен осында тудым, осында өстім және осында қаламын, - деді Салтанат сұхбат барысында.

Айта кетейік, бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Ниш қаласында өтті. 81 келіде жұдырықтасқан Салтанат Меденова екі қарсыласын техникалық нокаутпен жеңсе, финалда Түркияның даңқты боксшысы Исильдар Бурсадан басым түсті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 940
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2426
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 645
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 628