Жұма, 21 Наурыз 2025
Амал мерекесі 189 2 пікір 21 Наурыз, 2025 сағат 17:10

Ұлыстың ұлы күні

Сурет:otvet.mail.ru дан алынды

Қай күні басталды екен

Қазақтың жаңа эрасы?

Бәлкім, осы күн!

Осы күнмен ашып дүние есігін.

 

Емес бұл Ғайсаның көкке ұшқан күні;

Болғанындай будданың бір ұлы күні – Шаған.

Ұлыстың ұлы күні-осы күн

Бәлкім, Күнби Сары өзен бойында

Қасқырдың сүтін еміп;

Туылған шығар, бәлкім, осы күні

Солтүстікте Оғұз қаған.

 

Осындай-ақ болар бір халықтың таза мейрамы,

Ешқандай дін – жат көлеңке түспеген.

Құрбан айты да емес бұл Исламияттың,

Қайсы қазақ осы күні

Өз көжесін тойғанынша ішпеген!

 

Қараңдаршы, балалар, сыртқа шығып,

Соқталанды ма екен қар еріп?

Күңгей шығып, келуші еді ғой онда,

Оңтүстіктен бір ескек-жылы желемік.

 

Білген қандай ата-бабамыз

Өзінің жыл басын,

Көктем мен қыс – осы екеуінің есебін айырып!

Қосып беріңдер, ақсақалдар,

Әр адамға бір-бір жас,

Туылған күні емес,

Дәл осы күнмен жыл қайырып!

 

Естеріңде ме сондағы тең құрбылар,

Қыз-бозбала, мырза келіншектер

Атлас, торғын, асыл киіп сылқылдаған.

Отыратын онда төр алдында дана кәрілер

Ұлыстың ұлы күні – осы күн

Мың үйде мың қазан шұрқылдаған.

 

Емес бұл-Ғайсаның көкке ұшқан күні;

Болғанындай Будданың бір ұлы күні – Шаған.

Ішейік туыстар, ұлыстың ұлы күні – осы күн

Тойғанша өз көжемізді

Болмас бізге мұнан өткен киелі тағам!

Омарғазы Айтан

Abai.kz

 

2 пікір