Қоғамда құқық тәртібі идеологиясын дамыту керек!

Құқықтық сауаттылық – зайырлы мемлекеттегі әрбір азамат үшін кем болса болмайтын қажеттілік. Мейлі отбасылық, мейлі қоғамдық, мейлі экономикалық қарым-қатынаста болсын оның маңызы, рөлі өте зор.
Құқықтық білімнің кемелділігі жеке мүддесі үшін де, қоғам тұрақтылығы үшін де шешуші оң әсері бар.
Құқықтық сауаттылық – заң білімдері мен ереже-тәртіптерді толық білу ең алдымен азаматтарда құқықтық көзқарас пен құқықтық сана қалыптастырады. Сол арқылы жеке тұлға заң үстем орында тұратын зайырлы қоғамда қай салада болсын, қоғамдық талапға сай еркін әрекеттенетін болады. Қоғамның заңды сыйлайтын, заң аясында іс қылатын, өзінің заңдық мүддесін қорғай алатын саналы азаматына айналады.
Заңдық білімдер негізінде дұрыс құқықтық көзқарас қалыптастырғандықтан, өзінің субьективті іс әрекетін тежей алатын болады. Заң аясында қимыл алып баратын болады. Заңдық білімдерді жетік білу енді бір жақтан заңның қатаң нормаларын еске салып, көзсіз әрекеттерге барудың алдын алады.
Сондықтан құқықтық сауаттылық қазіргі өркениетті қоғамда жасап отырған әрбір азаматтың жетуге тиісті азаматтық, саналылық көрсеткіші. Заңның өміршеңдігі оның іс жүзінде қолданылуына байланысты болса, ал оның қолданылуы азаматтардың тікелей құықтық сауаттылығына байланысты.
Сол себепті құқықтық сауаттылық жеке тұлғаның мәдениеттілігінің ғана алғы шарты емес, қоғамның заңдық келбетінің де кемелділігінің қажетті шарты. Құқытық сауаттылықтың маңыздылығы да сонда. Бұл жауапкершілікті әрбір азамат терең сезінуі, іс жүзінде жүзеге асыруы тиіс.
Осы ретте біз сала маманы, заң ғылымдарының докторы, профессор Алмаз Ещанов мырзадан пікір сұраған едік...

Сурет: Спикердің жеке альбомынан алынды.
Алмаз Ещанов:
– Қоғамда құқық тәртібі идеологиясын ілгерілетудің 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстанда құқықтық тәртіптің жоғары деңгейін орнатуға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, құқықтық білім беруді жақсартуға және құқықтық нигилизмді теңестіруге, сондай-ақ заңсыз мінез-құлықтың әртүрлі көріністеріне тұрақты төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.
Бұл Тұжырымдама Мемлекет басшысының пікірінше, «Құқықтық тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға бағытталған қоғамның идеялық-саяси бағдарына айналуы тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстан – заңдылық пен тәртіп орнаған ел». Бұл – қоғам мен мемлекет басты назар аударуы тиіс ел дамуының бүгінгі басты векторы. Әрбір азаматтың заң мен сот алдындағы теңдігі туралы конституциялық принципі сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Заң мен әділдіктің өзара байланысы заңдылықты сақтау әділеттіліктің негізі болып табылуына байланысты және де, тек әділетті қоғамда ғана заң теңдік пен тәртіптің кепілі бола алады. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік заңмен реттелетін барлық қоғамдық қатынастардың өзіндік ортақ белгісіне айналады. Заңдарды тиімді жүзеге асыру үшін азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейінің маңызы зор.
Сондықтан да, қарастырылып жатқан Тұжырымдама аясында азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мен олардың құқықтық тәрбиесіне үлкен мән берілмек, бұл мемлекеттің, үкіметтік емес ұйымдардың, оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың өздерінің бірлескен күш-жігерін талап етеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары құқықтық санасы біздің еліміздің аумағында Заң үстемдігі мен Тәртіпті қамтамасыз етудің сенімді іргетасы болады.
Abai.kz