Заң жобасы: Несиеге қатысты жаңа өзгерістер бар

Мәжіліс қазақстандықтарды қаржылық тығырықтан қорғауға бағытталған жаңа заң жобасын мақұлдады. Енді бәрі бұрынғыдай оңай емес:
Не өзгереді?
• 21 жасқа дейінгі және 55 жастан асқан азаматтар тек eGov арқылы ресми келісім бергеннен кейін ғана кепілсіз тұтынушылық несие ала алады;
• Онлайн-кредиттерге – 24 сағаттық “суыту кезеңі” енгізіледі (ойыңнан қайтуға уақыт);
• Кредитті алғаш рет рәсімдейтіндер банкке немесе микроқаржы ұйымына жеке өзі баруы тиіс;
• Срочниктерге (әскерде жүргендерге) несие мен микроқарыз алуға толық тыйым салынады.
Әлеуметтік осал топтарға жеңілдік бар:
• Төлемді 3 айға дейін кешіктіруге болады – айыппұлсыз;
• Ай сайынғы төлем кемінде 50%-ға қысқаруы мүмкін;
• Несиеге алдын ала төлеу – айыппұлсыз;
• Микрокредитке неустойка болмайды (егер қайтарылса).
Abai.kz