Abai.kz - ақпараттық кеңістіктегі 16 жыл...

Abai.kz туралы қысқаша мəлімет
Республикалық Abai.kz ақпараттық порталы Қазақстанның интернет кеңістігіне қанат қаққалы (2009 жылы 15 сəуірде жарық көрді) 16 жылдан асып барады. Осы 16 жылдың ауқымында сайтымыз мемлекетшілдік ұстанымынан тайған жоқ. Қазақ интернеті кеңістігіне тың серпін əкелген басылым ретінде халық көңілінен шығып, ай сайынғы қаралымымыз 1,5 миллионға жуықтап отыр.
Abai.kz бүгінде мемлекетіміздің салиқалы саясаткерлерінің, зиялы қауымның, мəдениет пен өнер қайраткерлерінің, Үкіметтегі жауапты тұлғалар мен Парламент депутаттарының ойын білдіретін басты мінберлерінің біріне айналды.
Abai.kz ақпараттық порталында редакция ұжымы мен тұрақты авторлар, сарапшы мамандар елімізде жəне əлем елдерінде болып жататын оқиғалар мен мəселелерге байланысты материалдар жазады. Сұхбаттар береді. Интернет-конференцияға шығады. Сауалнамаларға қатысады.
Abai.kz туралы 5 маңызды факт!
Біріншіден, Abai.kz ақпараттық порталының БАҚ ретіндегі ұстанымы – мемлекеттің тұтастығына, Тəуелсіздігіміздің нығая түсуіне, мемлекет құрушы халықтың, мемлекеттің мүддеcіне қызмет ету.
Екіншіден, күні бүгінде порталымызды үзбей оқитын оқырман саны 1,5 миллионға жуықтады.
Үшіншіден, тəулігіне орта есеппен 30-40 мыңға жуық оқырман оқитын бұл басылым тек Қазақстан аумағында ғана емес, АҚШ, Англия,Франция, Жапония, Қытай, Моңғолия, Малайазия, Сингапур, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Əзербайжан, Беларусь, Украина, Германия секілді əлемнің үлкен мемлекеттерінен өз оқырманын тапқан бірден бір портал.
Төртіншіден, Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалалардың елдің талқысына түсіп, құзыретті органдардың назарына ілігіп, мəселе жиі оңынан шешіліп жатады.
Бесіншіден, ХХ ғасырдың басындағы қазаққа ес болған əйгілі «Қазақ» газетімен бүгінгі «Абайдың» ұстанымы бір. Өзге басылымдар жалтарып кететін тұста немесе шетін мəселелерге мəн бере алмай қалған кездерде Abai.kz жұрт көкейіндегі сөзді жария етіп, жылдам ақпарат таратып қазақ тілді интернет-басылымдардың көшбасшысы екенін дəлелдеумен келеді.
«Abai.kz» ақпараттық порталының доктринасы: «Біз, қазақтың бір топ жас саясаткерлері, ғалымдары мен журналистері, кең байтақ Отанында басым ұлтқа айналған қазақ жұртына арнап «Abai.kz» ақпараттық порталын ашып, елінің бүгіні мен болашағын ойлаған азаматтардың барлығын осы ресурстың айналасына бірігіп, еркін ой мен парасатты пікір айтуға шақырамыз», - деп басталады.
2009 жылы 15 сәуірде ақпарат кеңістігіне шыққан «Abai.kz» ақпараттық порталы осы күндері расымен-ақ, елінің бүгіні мен болашағын ойлаған азаматтардың айбарлы мінберіне, еркін пікірлі алаңына айналды.
Сөз бостандығы, ой азаттығы демократиялық қоғамның ең басты құндылығы болғанымен, баспасөз саласындағы журналистердің ерік-жігері, табандылығы болмаса, ол құндылықтың қоғамнан орын табуы беймүмкін.
«Abai.kz» ақпараттық порталы ұлттың мұрат-мақсатына сергек қарап, көлденең мәселенің қандайына болмасын дер кезінде үн қатып келеді. Сондықтан болар, мемлекеттік, ұлттық мүдде күн тәртібіне шыға қалған кезде оқырман көптеген басылымның ішінен «Abai.kz-те» жарияланатын мақалаларға жүгінеді. «Abai.kz» порталында қашанда қызу пікірталас, шынайы талқы қоғамдық пікірдің қазанында қайнап, өзекті мәселелер көтеріліп, әр саланың мамандары өзара кеңес құрып жатады.
«Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланған мақалалардың елдің талқысына түсіп, Қазақстан Президенті мен құзыретті органдардың назарына ілігіп, мәселенің оңынан шешіліп жататыны осының айғағы.
Бұдан бөлек қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының толық нұсқасы, абайтануға қатысты барлық ғылыми шығармалар, естеліктер, қазақтың арғы-бергі қаламгерлерінің үздік туындылары, Алаш ардагерлерінің ұлт мүддесі жолындағы саяси күреске толы өмірбаян деректері осы «Abai.kz» ақпараттық порталының бай мұрағат қорында жатыр.
«Abai.kz» ақпараттық порталының туған күнімен, 16 жасымен барша оқырман қауымды құттықтаймыз!
Abai.kz