Жұма, 9 Мамыр 2025
Маңызды 1050 0 пікір 16 Сәуір, 2025 сағат 20:24

Су саласы: Қазақстан неміс тәжірбиесін қарастыруда

Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі телеграм арнасынан алынды.

Неміс компаниясы Қазақстанда су үнемдейтін технология өндірісін іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов германиялық BAUER компаниясының президенті Отто Ройсспен кездесті.

Кәсіпорын ауылшаруашылық алқаптарын суаруға арналған құрал-жабдықтар шығарумен айналысады. Тараптар Қазақстан аумағында неміс суару жүйелерін өндіруді іске қосу мүмкіндігін талқылады.

Бүгінде Қазақстанда су үнемдейтін суару жүйелерін шығаратын төрт отандық зауыт жұмыс істейді. Сондай-ақ бес шетелдік зауытты іске қосу жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің министрлік Қазақстанға су үнемдеу технологияларын шығаратын шетелдік компанияларды тарту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар шаруалардың заманауи суару жүйелеріне көшуі үшін субсидия түрінде барлық қажетті жағдай жасалып жатыр. Былтыр осы қолдаудың арқасында мұндай жүйелер 158 мың гектар егіс алқабына енгізілді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1998
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2904