Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
Мәдениет 3186 0 пікір 21 Сәуір, 2025 сағат 19:03

«Ұлттық кітап күні» аясында жалпыхалықтық челлендж өтіп жатыр

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

«Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай әлеуметтік желілерде кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған челлендж өтіп жатыр.

Челленджді алғашқылардың бірі болып ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері бастап, көпшілікті кітап оқуға үндеді. Олар сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, оқырмандарын кітаптың рухани құндылығын қайта тануға шақыруда.

Аталған челлендждің негізгі мақсаты – қалың көпшілікті кітап оқуға ынталандыру, кітаптың рухани, мәдени құндылық ретіндегі маңызын қайта жаңғырту және оқырман қауымның кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Челлендж «Менің сүйікті кітабым», «Менің өмірімді өзгерткен кітап», «Кітап – алтын қазына», «Менің өміріме әсер еткен кітап» тақырыптарын қамтиды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1216
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1697