Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Деп жатыр 122 0 пікір 22 Сәуір, 2025 сағат 14:21

Тараз: Ауруханадан 758 млн теңгеден астам ақша ұрланған

Сурет: aikyn.kz сайтынан алынды.

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары сотталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С. Шаушенова мен бас бухгалтер А. Достаеваға қатысты үкім шығарды.

Олар «Қайрат Құрылыс-ҚК» ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар бойынша заңсыз аудару жолымен 758 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды.

Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сонымен қатар, сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2123
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5002
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4247