Жұма, 25 Сәуір 2025
Жаңалықтар 210 0 пікір 25 Сәуір, 2025 сағат 17:00

Мемлекет басшысы UEFA президентін қабылдады

Сурет: sport12.kz сайтынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент бүгінде 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданатынын айтты. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы. Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

Мемлекет басшысы отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастырып, клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

Александер Чеферин кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2253
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5157
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4433