Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025
Бәрекелді! 162 0 пікір 28 Сәуір, 2025 сағат 19:30

Қазақстанда "Мәңгілік полк" шеруіне тыйым салынды

Сурет: 7-su.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда 9 мамыр қарсаңындағы "Мәңгілік полк" шеруіне тыйым салынды.

Қазақстанның бірнеше қаласында 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында "Мәңгілік полк" шеруін өткізуге ресми түрде тыйым салынды.

Алматы, Павлодар және Петропавл қалаларының әкімдіктері Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан кеңес сарбаздарын еске алуға арналған шерулерді өткізу туралы өтініштерді қанағаттандырмаған.

Әсіресе, орыстілді тұрғындары басым Павлодар мен Петропавлда жергілікті билік еске алу шараларын онлайн форматқа ауыстыруды ұсынып отыр. Яғни, соғыс ардагерлерінің суреттерін қалалардағы LED-экрандарға шығару көзделген.

Жергілікті әкімдіктер рұқсатсыз өткізілген шерулер "заңсыз жиын" деп танылып, оған қатысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Мәңгілік полк" бастапқыда Ресейде туындаған қоғамдық бастама. Қатысушылар 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында шайқасқан туыстарының портреттерін көтеріп, көшеге шығады.

Соңғы жылдары бұл акция Ресей билігі тарапынан кеңінен насихатталып, пропагандалық символға айналған.

Биыл Қазақстанның астанасы – Астанада "Мәңгілік полк" шеруі жоспарланбаған. Дегенмен, ресми деңгейде Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған бірқатар салтанатты шара өтеді.

Қазақстан үкіметінің дерегі бойынша, елде қазір Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 120-ға жуық ардагер қалған. Ең жасы – 96-да.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Мәскеуде өтетін Жеңіс күніне арналған шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2406
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5352
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4621