Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Өзекті 3344 0 пікір 30 Сәуір, 2025 сағат 20:13

Украинадағы соғыста қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Украинада жүрген қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, қазіргі таңда дипломаттар Украинада Қазақстан азаматтары бар-жоғын тексеріп жатыр.

– Дипломаттар, атап айтқанда шетелдегі Қазақстан Республикасының консулдары, қазақстандық азаматтармен айналысады. Сіз менен “тізімде Қазақстан азаматтары бар ма?” деп сұрадыңыз. Біз дәл қазір осы тізімде Қазақстан Республикасының азаматтары бар ма, жоқ па – соны анықтап жатырмыз. Ал оны білу үшін бізге кездесулер өткізу қажет. Ол жерде Қазақстан азаматтары бар деп алдын ала мәлімдеуге немесе ашық айтуға құқымыз жоқ, дейді Бақаев.

"Өмір сүргім келеді" (Хочу жить) атты украиналық ақпараттық жоба Украина аумағында Ресей әскері қатарында соғысқа қатысқан деген Қазақстанның 661 азаматының тізімін жариялады. 2024 жылдың соңындағы дерекке сәйкес, олардың кемінде 78-і қаза тапқан.

Жоба авторларының айтуынша, ресейліктер "жақын шетелдерден" – Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстаннан шыққан мигранттарды соғысқа аттандыру ісімен айналысады.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Украинаға соғысқа кетіп жатқан қазақстандықтар жайлы сұраққа жауап берген болатын.

Бізде соғысқа кетуі мүмкін қазақстандықтардың жағдайына алаңдап жазған журналисті полиция ұстап әкетеді (Лұқпан Ахмедяров). Ал Ресейге қарайтын бір бұқаралық ақпарат құралы соғысқа аттанған қазақ жігітті мақтап, емін-еркін насихаттайды (“Спутник Қазақстан” сайты). Бізде не болып жатыр? Осындай кереғарлықты түсіндіріп бере аласыз ба? Идеология жағынан бізде проблема бар деп ойламайсыз ба? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі.

Бұл сұраққа жауап берген Аида Балаева “ешқандай проблема жоқ” деп жауап берді. Айтуынша, ақпарат кеңістігінде ақпарат ағыны қарқынды жүріп жатқаннан кейін әртүрлі мәлімет тарайды.

Дереккөз: qaz.ulysmedia.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2305
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 576