Жұма, 2 Мамыр 2025
Әне, көрдің бе? 515 0 пікір 2 Мамыр, 2025 сағат 10:06

Руслан Ғаббасов: Кремль Башқұртты бүтіндей құртпақ...

Коллаж: Abai.kz

Алтайды жұтқасын, бізге де ауыз салады! Башқұрт белсендісі Путиннің астыртын жоспарын жария етті...

Путин Ресей құрамындағы ұлттық республикаларды бөлшектеу үстінде. Осы жолы Мәскеудің назарына Алтай Республикасы мен Башқұртстан іліккен деп жазады Ertenmedia.kz. Башқұрт белсендісі Руслан Ғаббасовтың айтуынша, Алтай Республикасының Ата заңына жергілікті депутаттар тарапынан қауіпті түзету енгізілген.

Республиканың Конституциясынан «аумақтық тұтастық» атты ұғым алынып тасталған. Кремль Алтай Республикасын көрші Алтай өлкесімен біріктіріп, ұлттық мәртебесін түбегейлі жоймақ.

Бұл қадам жүзеге асса, алтайлықтардың саны азшылыққа айналып, саяси ықпалы әлсірейді. Қазіргі таңда Алтай Республикасында 70 мыңға жуық алтайлық тұрады. Олар жалпы халықтың шамамен 35 пайызы. Ал орыс халқының үлесі 55 пайыз немесе 115 мың адам. Осындай қатынаста алтайлықтар билікке араласып, ұлттық мәдениетін, тілін қорғауға мүмкіндік тауып отыр. Ал Алтай өлкесіндегі жағдай мүлде бөлек. Онда алтайлықтардың үлесі небәрі 0,1 пайыз (шамамен 3 мың адам), орыстардың үлесі 95 пайыз (2 миллионнан астам).

Егер Алтай Республикасы осы өлкенің құрамына қосылса, алтайлықтардың үлесі 3 пайызға дейін төмендеп, саяси және мәдени ықпалынан біржола айырылып тынады.

Ғаббасовтың айтуынша, Кремль ұлттық республикаларды Ресейдің басқа аймақтарымен біріктіріп, федерацияның қабірін қазуда. Алтай Республикасына қатысты жоспар сәтті орындалса, бұл әдіс өзге де ұлттық республикаларға қолданылатын болады.

«Бұған дейін Башқұртстанды Челябі облысымен біріктіру жоспары айтылған. Кремльдің ойы жүзеге асса, Башқұртстандағы байырғы ұлттың үлесі 31,5 пайыздан 21 пайызға дейін кеміп, орыс халқының үлесі 60 пайыздан асып кетеді. Башқұрттар саяси, мәдени ықпалын жоғалтып, өз құқығын қорғай алмайтын хәлге түседі», – дейді Руслан Ғаббасов.

Белсендінің пікірінше, Ресейдегі ұлттық республикалар тілдік, мәдени және саяси құқығынан айырылудың алдында тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 399
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 434
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 409