Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Қылмыс 859 0 пікір 12 Мамыр, 2025 сағат 19:00

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары түрмеге қамалды

Сурет: orda.kz сайтынан алынды.

Тараз қаласының бұрынғы әкімінің орынбасары сыбайлас жемқорлық үшін түрмеге қамалды.

Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша үкім шықты. Бұрынғы әкім орынбасары Нұрбол Қалдыбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Қалдыбаевпен бірге сотталушылар орындығында мердігер ұйымның өкілі де отырды. Ол алаяқтық жасағаны үшін алты жылға сотталды.

Тергеу анықтағандай, 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қарашасына дейін Қалдыбаев Тараз қаласы әкімдігінде құрылыс және ТКШ салаларын қадағалай отырып, елеулі заңбұзушылықтарға жол берген.

Сурет: orda.kz сайтынан алынды.

Атап айтқанда, жаңа "Ұлы Дала" тұрғын ауданында екі көпқабатты үй құрылысы аяқталмаса да, пайдалануға берілді деп қабылданған.

Бұл нысандарға бюджеттен 1,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Бастапқыда Қалдыбаевқа мүлікті иемдену және ысырап ету айыптары тағылған еді, алайда тергеу барысында айып қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бабына жеңілдетілді. Келтірілген шығын 137 млн теңгені құрады.

Сурет: orda.kz сайтынан алынды.

Антикор Қалдыбаевты 2023 жылғы 11 желтоқсанда, отставкаға кеткеннен үш апта өткен соң ұстаған.

Сотта ол өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда мердігер оның нысандардың жағдайынан хабардар болғанын және жалған актілерге қол қойғанын растады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2235
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3891