Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Мәселенің мәні 309 0 пікір 13 Мамыр, 2025 сағат 19:07

Астана: Шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқылануда

Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан алынды.

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар жиналып, Еуразиялық шұғыл медицина қоғамдастығының III съезінің шеңберінде өтіп жатқан «Шұғыл медицинаны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» атты халықаралық конференцияға қатысуда.

Форумның күн тәртібінде шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру, заманауи технологияларды енгізу және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде көмек көрсетудің тиімділігін арттыру мәселелері қаралуда.

«Қазақстан – аумағы кең, халқы әркелкі қоныстанған ел, бұл шұғыл медициналық көмекті көрсетуге ерекше жағдай туғызады. Біз заманауи логистикалық моделдерді, телемедицина шешімдерін енгізіп, мамандардың біліктілігін арттыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ең маңызды басымдықтардың бірі – қолжетімсіз өңірлерден пациенттерді дер кезінде эвакуациялауға мүмкіндік беретін медициналық авиацияны дамыту болып табылады», – деді конференцияның ашылуында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Муратов.

Панелдік сессиялар барысында өзбекстандық әріптестер шұғыл медициналық көмек жүйесіндегі көп жарақаттар мен жүрек-қантамыр патологиялары бойынша ауданаралық орталықтардың жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, С.Ж.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің жедел медициналық көмек кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Әбдуғани Мұсаев Алматы қаласында мопедтер қатысқан жол-көлік оқиғаларынан кейінгі жедел медициналық көмектің рөлі туралы баяндама жасады, Ресей Федерациясының Ұлттық санитариялық авиация қызметінің бас дәрігері Андрей Переведенцев жүрек-өкпе реанимациясының заманауи технологиялары мен осы бағыттың даму болашағы жайлы баяндама оқыды, Солтүстік Қазақстан облысының жедел медициналық көмек қызметінің директоры Юрий Белоног бейнетіркегіш құрылғыларын пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Конференция алаңында санитариялық авиацияны дамыту, реанимациялық іс-шараларға инновациялық көзқарас және шұғыл медициналық қызмет мамандарының жұмысын құқықтық реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

«Шұғыл медициналық көмекті дамыту – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Біз халықаралық ынтымақтастыққа, заманауи технологияларды енгізуге, кадр даярлауды жетілдіруге және әрбір азамат үшін шұғыл көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүдделіміз. Конференция нәтижелері Қазақстандағы жедел медициналық көмек жүйесін одан әрі нығайтуға негіз болады деп сенемін», – деді вице-министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2363
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4028