Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Жөн-ақ 304 0 пікір 14 Мамыр, 2025 сағат 11:38

Түйесі жоғалмағанның бәрі ақылды...

Сурет: ult.kz сайтынан алынды.

Қазір ұлттық әліпби қалыптыру проблемасын әуелі кірілде біржола шешіп алу тасада қалып келеді. Осы мәселені Серік Ерғали ағамыз талай мәрте көтеріп билік те, зиялы қауымда құлақтарына қыстырмай жабулы қазан жаулы күйінде қалды ма деген шағымызда тек Семейге ғана емес, бүткіл қазаққа танымал тарихшы Амантай Исин ағамызбен болған әңгіме көп ой салды.

Аман аға: «Түркі тілдеріндегі қолданыстарға ерекше мән беру керек. Сөздердің түп тамырын іздеу қажет. Ол кезде ондай мүмкіндік те аз болған шығар, сол себепті орысша қолданыстарды қазақша аударумен әуестену басым болған. Талпынушыларға тілдерді білу жағы жетіспейді»,-деп бізге жас ғалымдарға үлкен ой салды.

Сонымен, алысқа бармай қазіргі сандық қолданыстағы миллиард, миллион және триллион орыс мәнеріндегі айтылым мен жазылымды Түрік ағайындар milyar, milyon және trilyon сияқты деп қалыптастыра аламыз ба?

Орталық Азиядағы інтернет тілінің контенттеріне зер сала қарайтын болсақ тілдің бұзылуы тек бізде ғана емес, қырғыз бен өзбекте де байқалып отыр.

Орыс жазуы өзбектер латынға көшсе де әлі өз әсерін тигізуде. Себебі Орталық Азияның ғылыми және техникалық тілі орысша. Бұдан қалай қашып құтылуға болады. Орыс тілі тіліміздің сөйлеу заңдылығын бұзған кірме сөздер орысша қалай жазылса, солай айтылуға тиіс дейтін «Халықаралық термін» дейтін мифтен арылуға осы бастан қам қылуға тиіспіз. Осы бағытта қазақ баласы ұстануға тиіс екі жол бар. Бірінші жол - орысша қалай жазылса, солай айтылатын кірме сөздерді оның баламасы болатын түрікшесімен ауыстыру, екінші жол - ағылшын тілінен тікелей сөз қабылдау арқылы тіліміздегі барша орысша кірме сөздік терміндерді ауыстыруға бағдар ұстануға жаппай көшу. Бұны бұрынғыдай тек тілшілер емес, барлық ғылым мен кәсіп саласындағы қазақ баласы қолға алуы керек-ақ.

Кірме сөздерді осы екі жолмен ауыстыру үрдісін жолға қоятын болсақ, онда қазіргі мектеп қабырғасында қазақша білім алып жатқан шәкірттер төрт тілдік сөздіктерді пайдалана отырып, нағыз білім ала алатын болады. Орыс-ағылшын-түрік-қазақ тіліндегі сөздіктер тіл үйренгісі келген басқа ұлт өкілдерін де қазақтың құшағына тарта алатына бек сенімдіміз. Қазақ тіліндегі кірме сөздердің баламасын іздеу дәурінің күні өтті. Өйткені, жасанды зерде бізден, қазақтардан, жаһандық үндесуді, аралас-құраластықты керек етеді.
Осы орайда, жұрттың бәрі жыр қылып жүрген «Әліпби» дегеннен шығады. Латынға ауысуда тұтас ұлтты бөле жармай орыс тілді әлеуметтік топқа арнап Ұлықбек Есдәулет ағамыз жетілдірген Яковлев әліпбиі неге назардан тыс қалып келеді. Бұл 42 әріптік әліпби Қазақстандағы қос әлеуметтік топтың басын қосуға тиіс рухани-мәдени прогресс болып табылады.

Ең бастысы билік ең әуелі 28 әріптік кіріл жазуына не латын жазуына көшуді қолға алса да, алмаса да егер қазіргі 42 әріптік жазуға емес, 28 әріптік ұлттық сөйлеуге бейімделген кірме сөз ендіруді қолға алатын болса, онда: ё, щ, ч, э, ъ, ь, ц, й, ю мен я өзінен-өзі аштан өліп, көштен қалады. Тек Һ, Х мен Ф байланысты кісі аттары мен діни араб-парсы сөздерін айту мен жазудағы сақталу сақталмауы әр қазақтың жазу мен сөйлеу стиліне байланысты. Сонымен ұлтымыздың алдында бұрынғыдай су сиыр, түйқұс деп сөз қабылдаудан бөлек тағыда екі жол тұр. Қазақ тілінің ерекшелігін сақтай отырып, орысша терміндерді алмастыратын түрікше һәм ағылшынша сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеу тіліне бейімдеп жазу үрдісін жолға қоятын болсақ онда: Бірінші жол - түрікшесімен ауыстыру, екінші жол - ағылшын тілінен тікелей орысша терміндерді ауыстыратын сөз қабылдауға көшу жеңілденеді. Ескеретін дүние ағылшынан сөз қабылдауда жазылу емес, айтылуды ескеріп жаңа сөзді тілімізге енгізген ләзім!

Кіріл болсын, латын жазуы болсын – Билік тарапынан бекіген 28 әріпке негіздеп қабылданған шақта нағыз ұлттық әліпбиімізге айналады. 28 әріптік сөйлеу тіліне бейімдеп кірме сөз қабылдауға зиялы қауым мен ғалымдар осы бастан тілшілер бекіткен құлдық таңбасы басылған бодандана орысшаланған емле мен ережеге қарамай өз авторлық сөз енгізу даралығын өз саласы бойынша қолға алып жұмылатын болса, бабалар аманаттаған тілімзді жаһанданудың қара құрдымынан сақтай аламыз.

Сөз соңында айтарымыз, осы орайда орыстың термінге айналған және күнделікті тұрмыстық төл сөздерін де қазақша айтуға бейімдеп алу жағы да назардан тыс қалмауға тиіс.

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Ерік Қайратбекұлы,

Құнанбай қажы атындағы «Алаш аудармашылар одағы» Қоғамдық Қорының төрағасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2472
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4148