Дүйсенбі, 19 Мамыр 2025
Анық-қанығы 196 0 пікір 19 Мамыр, 2025 сағат 13:12

Қазақстанның жолдары Қытайдан кем емес...

Сурет: Jibek Joly телеарнасынан алынды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев «Jibek Joly» телеарнасындағы журналист Ерболат Мұхамеджан жүргізетін «Уәде» авторлық бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында  ол Қазақстанда ақылы жолдардың бағасына байланысты пікір білдірді.

«2013 жылдан бастап ақылы жолдар біздің елімізде енгізілді. Содан бері бағасы көтерілген жоқ. 1 теңге = 1 шақырым болды. 2023 жылы 20%-ға қымбаттады. Содан кейін міне биыл тағы орташа 27-28%-ға қымбаттады. Енді нақты айтсақ, жеңіл көліктер 1 теңге болса, қазір 2-3 теңге әр нысанға байланысты. Ауыр жүк көліктер 32 теңге болды. Қазір 36,7 теңге көлемінде. Сол жалпы орташа есеппен 27-28%-ға ұлғайды.»

Сонымен қатар спикер өзге елдердің де тарифтеріне де тоқталды:

«Басқа елдермен салыстырғанда, Ресей мен Беларусь Республикасымен салыстырсақ, жеңіл көліктерге шақырымы 7 теңге. Беларусьта, қатты қателеспесем, 20 теңге. Жүк көліктері үшін Ресейде — 60-70 теңге шамасында, Беларусьта — 70-80 теңге көлемінде. Ал Польша мен Қытайды алсақ, оларда 90-250 теңге аралығында.»

Оның айтуынша, қазақстандық ақылы жолдардың сапасы шетелдік магистральдерден кем түспейді:

«Біздің ақылы жолдарымыз, магистральдарымыз одан кем емес деп ойлаймын. Өйткені Қытайда биыл қыста болдым, жолдарын толық көрдім. Технология бір, бірақ ең мағыналы мәселе — күтіп-ұстау жұмыстары. Уақытымен жөндеу жасау, тазалау мәселесі бізде қиындау болып тұр.

Сұхбатқа сілтеме:

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2723
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4467