Бейсенбі, 22 Мамыр 2025
Жаңалықтар 153 0 пікір 22 Мамыр, 2025 сағат 15:16

Ұялы байланыс операторлары агенттікті сотқа берген

Сурет: Ulysmedia.kz сайтынан алынды

Биыл наурызда KCell, Tele2, Beeline компанияларының үстінен тариф көтеру туралы «сөз байласу» күдігімен тексеру басталған еді. Тергеу барысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтып берді.

«Иә, біздің тарапымыздан тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл баршаға белгілі факт деп ойлаймын. Бәріміз де ұялы байланыс қызметін пайдаланамыз, осы орайда біз талдау жүргіздік. Соңғы бірнеше жылда ұялы байланыс қызметінің бағасы айтарлықтай өскені байқалады. Біздің тарапымыздан алдын ала құқық бұзушылық белгілері анықталды», - деді Болат Сәмбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша, агенттік басшысының орынбасары барлық ұялы байланыс операторына қатысты тергеп-тексеру жұмысының әлі аяқталмағанын айтып отыр. Оның ішінде Beeline, Kcell және Tele2 компаниясы бар.

«Біз осы үш компания арасында сөз байласу белгілерін анықтап, тергеуді бастадық. Бірақ, қазір тергеу тоқтатылды. Бүгінде сот процесі жүріп жатыр, өйткені компаниялар біздің әрекетімізге шағым түсірді, қазір іс сотта қаралып жатыр», - деп толықтырды ол.

Еске салсақ, жыл басында ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз көтеру әрекеттері қаралып жатқаны туралы хабарлаған едік.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2798
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4530