Әлемді бөлу: Мемлекеттер жаппай қарулануға кіріседі...

Әлемде:
1920 жылы 42 мемлекет болды.
1950 жылы 60 мемлекет
2000 жылы 192 мемлекет.
2025 жылы 195 мемлекет (Ватикан мен Палестинаны қосқанда) бар.
Кеңес Одағы мен Югословия ыдырағаннан кейін, АҚШ тағы 9/11 оқиғасынан кейін, барлық мемлекеттер үшін территориялық біртұтастық, тәуелсіздік, ең басты құндылыққа айналған еді.
Көптеген аймақтарда, сепаратистік қозғалыстар мен ұйымдарды аяусыз жазалап, мемлекеттік біртұтастықты қандай шығынмен қорғау қажет болса да, әлем елдері дайын екендігін көрсетті.
Мысалы, соңғы 30 жылда әлемде тек 3 мемлекет ғана халықаралық қауымдастық тарапынан толықтай мойындалды. Олар:
a) 2002 жылы Шығыс Тимор,
b) 2006 жылы Черногория
c) 2011 жылы Оңтүстік Судан.
Басқа жүздеген қозғалыстар, түрлі топтар тәуелсіздік аламыз, жеке ел боламыз деп, соғысып, мемлекет қалыптастыра алмады ( шешендер, курдтер, т.б)
Мен мұны, ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан, басында АҚШ бастап басқа да батыстық елдер тұрған халықаралық тәртіп жүйесінің басты артықшылық әрі жетістігі деп айтар едім. Бірақ, осы құндылықты АҚШ өзі негіздеп, қайта өзі құлатып жатыр.
Жыл басында Д. Трамп Америка мен Канада арасындағы шекараны жай шартты сызық ретінде атап, "қаласақ – басып аламыз, қаласақ – Данияның аралын тартып аламыз" деген мәлімдемелерді бірнеше рет айтқан еді.
Енді, Д.Трамп Украинада біздің мүддеміз жоқ, әрі қарай соғыс мәселесін өздері шешсін. Соғыс үшін ешкімге санкция салмаймыз, біздің өз жолымыз бар деп, бұрынғы ұстанымынан бас тартуда.
Логикалық тұрғыдан, толық мойындалған мемлекет ядролық қаруға ие держава көршісіне жұтылудың аз-ақ алдында тұр.
Украинаның орнында кез-келген мемлекет, Ресейдің орнында кез-келген мемлекет болуы мүмкін.
Болашақта көпжақты дипломия бойынша нақты жоба, жүзеге аспаса, әлемді қайтадан ІІІ ғасыр бұрынғыдай алып державалар қайта бөліске салады.
Мұндай сценарийдің алдын алу үшін, мемлекеттер қайта жаппай қарулануға көшеді. Соңы белгілі.
Нұрболат Нышанбай, саясаттанушы
Abai.kz