Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Билік 1646 0 пікір 27 Мамыр, 2025 сағат 17:16

Президент ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банктері өкілдерінің кеңесіне қатысты

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Жиынды ашқан Президент жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын растағанын атап өтті. Тариф саясатының өзгеруінен туындаған жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында мұның мәні арта түсті.

Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.

– Біздің елдеріміздің әлемдік ІЖӨ-дегі жиынтық үлесі 2010 жылғы 2,4 пайыздық көрсеткіштен 3,1 пайызға дейін ұлғайды. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл аймақтың макроэкономикалық орнықтылығының артқанын көрсетеді, – деді Президент.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 391
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 4638
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 368