«Дайын» поэтикалық образ

Әлемдік әдебиеттануда «дайын образ» термині бар. Осы дайын образ қайдан шықты, қай өркениет сан ғасырлық мәдени-рухани дамуда қандай үлес қосты деген басы ашық сауал алдымыздан шығады.
Бәрін бүлдірген туынды Милорад Павичтің «Хазар сөздігі» постмодерндік туындысындағы Хазар қағанына өз дінін тықпалайтын молда, раввин және сопы дайын образдары. Және солардың арасындағы діни пкірталас. Үш көзқарас, үш түрлі концепциялар қақтығысы. Осындай концепциялар қақтығысы бар «Қас Сақ аңқымасы» және «Қасқыр Құдай болған кез» сынды қос туынды өмірге келді. Бір өкініштісі әдебиеттанушылар мүлдем керек етпейтін туындыларға айналып үлгерді. Енді осы дайын образды жаңаша қолданудың тамаша бір үлгісіне Дәурен Қуаттың «Қызыр әулие мен Мұса ғалайассалам» туындысында куә болдық.
Бір әттеген-ай дүние – қаламгерлік стратегия мен авторлық ғылыми концепциялар қазақ гуманитарлық ғылымында зерттелмей жатқаны. Біз бұған ешкімді де кінәламаймыз. Тек уақытын күтіп жатқан әзірше өз зерттеушісіне жолықпаған ғылыми қазына деп шорт кесе саламыз.
Соңғы кездердегі әдеби процесте «Дайын» поэтикалық образдарды қолдану үрдісі көбіне Т.Әбдікәкімұлы, Ә.Балқыбек және Д.Қуат шығармашылықтарына тән.
Дайын поэтикалық образдардың бағын асырып жүрген қаламгерлеріміздің бірі Дәурен Қуаттың көлемі 20 беттен тұратын «Қызыр әулие мен Мұса ғалайассалам» минихикаятының (Қуат.Д. Бөрісоқпақ: әңгімелер жинағы/Дәурен Қуат – Алматы: Атамұра, 2018. – 268 бет) 184-189 беттері Қызыр әулие мен Мұса ғалайассалам арасындағы орын алған оқиғалық эпизодтан тұрады. Автор Жаратқаннан аян алып, пайғамбарлық қонған Бәни Ысырайыл жұртының нәсілі Мұсаның мүміндері арасынан «Мына жарық дүниеде сізден асқан білімді жан иесі бар ма?» деп өзіне қойылған сауалға «Мен – мұрсал пайғамбармын, Алладан қысылғанда мұғжиза көремін, осыдан асқан абырой, атақ бар ма? Соған қарағанда, жер бетіндегі кемел білімнің иесі мен шығармын»,- деп жауап береді [Б.184-185].
«...Сөйткенде, Жаратушыдан уаһи жетіп: “Әй, Мұса, сенің әлгі сөзің не? Саған өлшеусіз білім мен қисапсыз қабілет дарытқанда менің мүмкіндігіме күмән соғатындай ойға беріл деп пе едім? Бұл дүниеде білімі сенен асқан, хайыр-шапағатыма бөленген тағы біреу бар”, - дейді құдіретін кезекті рет әйгілеп. “Раббым, сондай ғұлама жан иесімен жолықтыршы” дейді Мұса ғалайассалам жалынып. “Кезедесесің, - дейді Рабы, - уағдалы күні кездесесің”...» [Б. 185].
Оқиға одан ары Раббымыздың күндердің бір күні жөйіт пайғамбарына Қазіреті Қызырға жолығуы үшін балық салынған себет беріп, бұрын көрмеген білмеген елге сапарға шығуына жөн сілтеуімен басталып, сол себеттегі балық айлардан ай, жылдардан жыл өткенде жерге түсіп қалғанда Тәңірі мәңгілік өмір сыйлаған түрік (орыс мәнеріндегі – «түркі» варваризмінен арылуға тиіспіз – құрастырушыдан) пайғамбарымен жолығысуына ұласады.
Одан ары Қызыр Ілияс Мұсаға «...Ей, Мұса, мен сені ілестіріп жүрер едім, бірақ сенің көргеніңе орай сөйлемеуге, білмегеніңді тықақтап сұраумауға тағатың жетпейді ғой» деген шарт қояды. Мұса болса: «Жоқ мен дәтіме берік болайын. Көргеніме де, білмегеніме де мақұлмын. Тек ілестіре көріңіз әулем», - деп жалынады. Қызыр Ілияс онысын құп алады.
Жолда Мұса кеменің бүлінуіне, баланың өліміне және үйге тіреу қойылуына қатысты айтқанда тұрмай сұрақ қойып үш рет уәде бұзады.
Қызыр пайғамбардың жөйіт пайғамбарынға тәлім берген кемені бүлдіргені – оның ел жауламақ жауыз патшадан ізілікті жандарды құтқарып қалғаным, баланы алдап ұйықтатып өлтіргені – болашақ жауыздан ел-жұртты аман сақтап қалғаны, елге керексіз қос жетімек тұрып жатқан құжыраны тіреу қойып жөндегені – олардың болашақта ондағы көмілген қазыаны тауып мұратына жетуі екендігін айтып береді.
Авторлық Қызыр пайғамбар бірінші расул деген жасырын ғылыми концепциясына құрылған туындыдағы кірістірме әңгіме Қызыр Ілиястың Мұсаға берген «...Міне, мен осының бәріне ақыл-парасаттың арқасында жеттім. Ақыл-парасатты Раббымыз бәрімізге сыйлаған. Ақыл-парасатпен не нәрсенің де ақырына дейін ден қойып, іс жасауда ғана кемдік қыламыз, - деді Қызыр әулие Мұса пайғамбермен қоштасып тұрып» [Б.188-189] деген авторлық-персонаждық ұлағатты сөзбен аяқталады.
Тек Құран Кәрім ғана Тәңіршілдік дінінің болғанын өзінің содан бастау алғанын ашық айтты. Және араб тілінен өзге тілде құлшылық етуге барша мұсылмандарға тыйым салды. Себебі түрік дінінің, христиан ағымдарының кебін хаһ ислам кимеу үшін, өйткені, бұл – тарих тағылымы. Одан сабақ алу керек.
Түрік нәбиі Пурушта үнді мифологиясында жасампаз қаһарман атымен сақталып қалды. Оған ергендер алауыздығы үнділерді кастаға бөлуге әкеп соқты. Пурушта өзіне-өзі қол жұмсап, үнділер ол әкелген Праджапати дінін қабылдамаған қауымның көз алдында дүниеден өтеді.
Праджапати – көне үнді мифологиясындағы жалғыз жаратушы. Ол – төрт аяқтыларды және екі аяқтылардың әміршісі. Мифопоэтикалық дүниетаным дағдарысын кейін, Пурушта басқа қырынан сипатталды: аузынан –Брахмандар; қолынан – Раджаньи//Кшатрий(кісі атты); белінен – Вайшьи; аяғынан – Шудралар жаратылып, әлеуметтік реформа басты діни кітап канондарын бұрмалап, көп құдайға табыну белең алды.
Түрік дінінің бір кездегі үстемдігіне қарсылық көріністері: Пушан құдайдың арбасына ат емес, ешкі жегуі; құрбандыққа жылқы шалу т.б. орын алды. Діни кітаптар ендігі жерде үнді тілінде (санскритте) жазыла бастады. Соның бірі «Регведа» Тәңір сипатын жан-жақты ашады, бірақ адамдарды көп құдайға сенуге ұрындырады.
Түріктердің діни орталығы Иершамун (Шамун нәби жері) қаласын қаланың не екенін білмеген көшпелі жөйіттер мен арабтар өзіміздікі деп құдайдың құтты күні атысып-шабысып жатыр. Аударма Қызыр пайғамбарға түскен Тәңірлік діннің басынан бағынан кетіріп, кейінгі діндерге Ислам мен Христиандыққа орын босатты. Тәңір текті түріктер күрт өзгеріп, жауынгер тайпаға айнала бастады. Әлемді сөзбен емес, күшпен жаулау өмір салтына айналды. Өзінің жеке пайғамбары бар Тәңірлік дін ғылымда пұтқа табынушылық, шаманизм деп аталып түрік дүниесін адастырып жүр. Тек дін ғана емес, барша пайғамбарлар жөйіт ұлтынан шыққан деген сана берік орнықты. Жөйіттерге дейін болған түрік пайғамбарларынан тек Қазіреті Қызыр ғана сақталып қалды.
Автор түрік пайғамбарының дәрегейін жөйіт пайғамбарынан асырып жіберген. Оған ұлт қаламгері ретінде Дәуреннің құқығы бар.
Түрік тілінің Ивритке аударылуы, адам, жер-су атауларының бұрмалануы көз көріп, құлақ естімеген сұмдық оқиға еді. Мысырдың Тоттың атымен байланыстырылатын Птахи тіліндегі қасиетті ілімнің аудармасын жасаушы халық құлдыққа түскенімен қасиетті кітаптың біріншілігін иеленіп кетті. Бірақ ешбір халық олардың дінін қабылдамауы осы діннің түбінің осындай шикілігінен.
Осыны жете аңғарған, Испан инквизициясы мен фашистік Алмания оларға кәрін төгіп, жанкешті халық 1948 жылға дейін қуғын-сүргінге түсті. Қаиетті Арий атына күйе жағып, қасиетті символымыз Керейт тамғасын (свастика) Хитлер жауыздық таңбасына айналдырды. Сөйтіп түрік рухын сіңірмекші болған нацистер өздері көтере алмайтын шоқпарды белдеріне байлады.
Міне, осы өзгелер жоймақ болған рухты Дәурен Қуат қалам құдіретімен тірілітіп, дайын образ арқылы кесек туындысын өмірге әкеліп отыр.
Дайын поэтикалық образдар турасында сөз еткенде әр құрлықтың өз мәдени дәстүрі, тұрмыс-салты, өнері мен ділдік әм діндік ерекшелігінен туындаған "симбиоз" (гр. symbiosis – сөзбе-сөз: бірге тұрушылық, бұл арадағы терміндік мағынасы сан ғасырлық мәдени аралас-құраластықтан туындайтын селбесу) белгілі бір этностың дербес ұлттық төл әдебиет қалыптасқан кезде белгілі бір әдеби серкелердің шығармашылығындағы рационализм мен субъективизмнің қоспасынан тұрады.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz