Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Маңызды 1710 0 пікір 2 Маусым, 2025 сағат 18:14

Қазақ пен Өзбек депутаттары бірлескен жұмысты күшейтпек

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және парламентаралық қатынастарды дамыту жөніндегі уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Отырысты ашқан Мәжіліс спикері соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасында жоғары деңгейдегі бірқатар өзара сапар өтіп, Одақтастық қатынастар туралы және Мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы шарттар мен 2024-2034 жылдарға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасы сияқты тарихи құжаттарға қол қойылғанын атап өтті.

Екі ел президенттерінің саяси ерік-жігері мен даналығының арқасында қазақ-өзбек байланысы бұрын-соңды болмаған биік деңгейге жетті. 100-ден астам келісімнен тұратын берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Олар біздің қарым-қатынастарымыздың барлық саласын қамтиды. Ынтымақтастықтың жаңа форматының институционалдық негізі қаланды. Президенттеріміз ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындап, оларды ілгерілету үшін нақты міндеттер қойды, – деді Ерлан Қошанов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 385
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 4377
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 363