Бейсенбі, 5 Маусым 2025
Ел іші... 483 0 пікір 3 Маусым, 2025 сағат 22:53

28 мыңнан аса азамат банкрот деп танылды

Сурет: ratel.kz сайтынан алынды.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстанда ел азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң қолданысқа енгізілген. Сол уақыттан бері мемлекеттік кірістер органдары арқылы 28,4 мың азамат, сот шешімі бойынша 196 азамат банкрот деп танылды. Міндеттемелердің жалпы сомасы – 147,1 млрд теңге.

Комитеттің дерегінше, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 103 азамат қолданған. Олардың 8-і бойынша қалпына келтіру жоспарлары бекітілді.

Жыл басынан бері қазақстандықтардан банкроттық бойынша 77 106 өтініш түскен.

Abai.kz

0 пікір