Метис (арам қан) - сөзі қалай шыққан?!

Осыдан біраз жылдар бұрын, Ресейдің әдеби журналынан («Москва» деп аталады-ау деймін) орыс ғалымның «метистер» туралы жазған ғылыми мақаласын оқығаным бар.
Сонда әлгі ғалымның өзінің мақаласында, үлкен өкінішпен, қазіргі орыс адамдарының отбасылық жағдайларына зерттеу жүргізіп, біраз проблемаларды ашып көрсеткен екен. Қазіргі уақыттағы орыс жастарының көрінген ұлттың қыздарына үйленіп, сондай-ақ, қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып жатқандығын ашына көрсетіпті. Алдағы 20-30 жылдан кейін, орыс халқының кем дегенде, әжеп тәуір пайызы аралас тұқымға ауысып, өзінің ата-бабасынан келе жатқан мынау ұлан- ғайыр даланы болашақта кім қорғайды, кім ұстап тұрады, ағни айтқанда Ресейге, орыс халқына олардың жаны ашима, жоқпа, қолына қару алып қорғай алама деп, үлкен проблема көтерген екен. Сонымен қатар, Ресей құрамындағы ұсақ ұлттарға: қалмақтарға, татарларға, якуттарға, башқұрттарға, тағы басқа және шетелдіктерге қыздарының тұрмысқа шықпауын, орыс жігіттерінің өзге «төмен» халықтардың қыздарын алмауға шақырады. Көптеген мысалдар келтіріп, кәдімгідей алаңдаушылық білдіреді. Сондай-ақ, «метис» (грязная кровь) сөзінің қалай шыққанын және қайдан шыққанын тәптіштеп жазыпты. Әрине осы журналдағы мақаладан біраз нәрсені оқып, ойыма сақтаған болатынмын,. Дегенмен, келтірген көп мысалдарының біразын ойымнан шығарып алдым.
Сонымен мақалада не айтылған, әрі қарай кеттік.
Мақаладан ұққаным, «метис» сөзі- осыдан талай ғасыр бұрын, испандар мен португалдардың Латын Америкасын жаулау барысында пайда болған екен. Испандар мен португалдар қастарына өзінің ұлттарының әйелдерін қоса ала бармаған соң, (олар талай жылдар сол жақта жүрген соң) еріксізден жергілікті үндістер мен негрлердің қыз-келіншектерін өздеріне күштеп әйел қылады. Осындай некеден туған балаларды испандар «метис» - деп атайды. Яғни, мағынасы «арам қан» деген сөзді білдіреді. Испандар мен португалдар мұндай балаларды, әулетімнің жалғасы, мұрагері деп қарамаған. Тіпті, бұларды ұрпағым деп те қамқорлық жасамаған және асырамаған. Балаларға көбінесе сол жергілікті елдің әйелдері қарап, асырап -сақтаған. Қазір, Аргентина мен Бразилия «мулаттар» елі деп аталады. Дәлірек айтқанда, әр тұқымнан пайда болған қосынды елдер (осы елдерден небір атақты ойыншылар шыққанымен, олар мулаттар қатарында) . Бұл күндері, негізінен Бразилия, португал, Аргентина, испан тілінде сөйлейді. Өздерінің ұлттық тілін мен дәстүрін, сондай-ақ әдеп- ғұрпының біразын ұмытқан. Мүмкін, тек қалғаны «Карнавал» шығар. Міне осы жайларды орыс ғалымы зерделей, зерттей жазып, алаңдаушылықпен қағазға түсірген екен. Мақаланың соңында, егер біз осылай кете берсек, орыс халқының алдағы кезеңде қойыртпаққа айналып, ел болудан қалатындығын көрсетіпті.
Сонымен, «метис» сөзі – испан тілінде «арам қан» болып шықты ғой. Қандай жиіркенішті сөз. Ал, біздің елдегі жағдай қазіргі уақытта қай деңгейде?! Оны өздеріңіз саралап, ұға жатарсыздар.
Бейсенғазы Ұлықбек
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Abai.kz