Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме өтеді

2025 жылғы 12 маусымда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы, саяхатшысы және этнографы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты мерейтойлық көрменің ашылу салтанаты өтеді.
Көрме ҚР Ұлттық музейі, Ш.Уәлиханов атындағы Алтынемел мемориалдық музейі, Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің бірлесуімен ұйымдастырылады.
Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметінің маңызды кезеңдерін көрсету арқылы оның Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан елеулі үлесін кеңінен насихаттау.
Көрменің негізгі бөлімдері:
- Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі. Балалық шағы, Омбыдағы Сібір кадет корпусындағы оқу жылдары, алғашқы зерттеулері.
- Қашғар жорығы. 1858–1859 жылдары жасаған әйгілі экспедициясы, нәтижесінде Шоқан есімі Еуропаға танылды.
- Ғылыми мұрасы. Тарих, этнография, құқық, география салаларындағы еңбектері.
- Шоқан бейнесі өнерде. Әдебиет, кескіндеме, кинодағы көрінісі.
Экспозицияда:
- Ғалымның қолжазбалары, хаттары, ғылыми еңбектері;
- Жеке заттары: тапанша, сандық, белбеу, отбасылық бұйымдар;
- Қашғар сапарына арналған көрнекі материалдар;
- Мұрағаттар мен музейлерден алынған фотоқұжаттар.
Көрменің ашылу күні ғалымның ғылыми мұрасы мен қоғамдағы рөлін талқылайтын дөңгелек үстел өтеді. Оған отандық тарихшылар, этнографтар, өнертанушылар, музей қызметкерлері және студенттер қатысады.
Көрме 12 шілдеге дейін жалғасады.
БАҚ өкілдерінің назарына!
Аккредитацияны nmrk.muzei@mail.ru поштасына
11 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет.
Abai.kz