Сенбі, 14 Маусым 2025
Алаң 454 0 пікір 13 Маусым, 2025 сағат 16:11

Қазақстан өз азаматтарына үндеу жасады!

Сурет: israelinfo.co.

Қазақстанның Израильдегі елшілігі өз отандастарына үндеу жолдады. Ведомство Израильдегі қазақстандықтарға Ішкі майдан қолбасшылығының нұсқауларын орындауды және қауіпсіздік шараларын күшейтуді, сондай-ақ елшілікпен байланыста болуды ұсынады.

Жедел жәрдем желілері ашық (елшілік байланыстары):

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83

+972 55 273 38 13

+7 700 111 31 96

Қосымша: Бүгін Израиль Иранның әскери нысандарына зымыран соққыысын жасады. Ал Иран Израильге жауап соққы жасайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы егжей-тегжейлі: «Израиль мен Иран: Ежелгі дұшпан ел болмас»

Израиль Иранға соққы бергеннен кейін мұнай бағасы күрт көтерілді. Мұнай қазір барреліне 13%-ға өсіп, 78 долларды құрады, бұл 2022 жылдың наурызынан бері мұнай бағасының бір күндік ең үлкен өсуі. «Егер Ормуз бұғазы арқылы мұнай экспортына соғыс әсер етсе, біз мұнайдың барреліне 100 доллар болатынын көреміз», - дейді сарапшылар.

Abai.kz

0 пікір