Манат Сарбасов ісі: Заңгер Айгүл Орынбек не дейді?

"Сарбасовпен байланысым жоқ, мақсатым білім берудегі былықты ашу болды", – дейді заңгер Айгүл Орынбек.
Бұған дейін біз Манат Сарбасов ісіне қатысты біржақты ақпараттар легі жайлы жазған едік. Қазіргі таңда қоғам назарын аударған бұл сот процесі ашық түрде өтіп жатса да, куәгерлердің сотта айтқан кейбір мәліметтері БАҚ беттерінде жарияланып кетті.
Ал сот төрағасы процестегі материалдарды жариялауға тыйым салған еді. Бұл — соттан тікелей рұқсатсыз деректердің жариялануына қатысты заңды сауал туғызды. Осыған байланысты белгілі заңгер, Ұлттық құрылтайдың бұрынғы мүшесі, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің “Әділдікті іздеймін” атты YouTube арнасында осы іске қатысты жеке талдау жасап, өз ұстанымын ашық жеткізді.
Айгүл Орынбектің материялында былай делінген:
Айгүл Орынбек атышулы Сарбасов ісіне қатысты өзін кінәлаушыларға жауап беріп, тергеу барысындағы нақты оқиғаларды тізбектеп айтып берді. Оның айтуынша, бұл іске ешқандай қатысы жоқ және ол, керісінше, білім саласындағы жүйелі жемқорлықты ашуға тырысқан.
– 22 қарашада мен екі ай бұрын жоспарлап қойған демалысқа ата-анаммен бірге шетелге кеттім. Сол кезде – мен шетелде жүргенде – Сарбасовтың үйінде тінту жүргізіліп, оны қамауға алу керек болған. Алайда тергеушілер бұл жолы да оны қамаған жоқ, – дейді Айгүл Орынбек.
Ол өзінің жариялаған видеоматериалдарында жемқорлық фактілерін ашуға тырысқанын, тіпті Элмира Дүйсенқызының қауіпсіздігі үшін алаңдап, оны алдын ала камера орнатуға шақырғанын айтады.
– Өздеріңіз менің жариялаған видеоматериалдарымды көріп отырсыздар. Онда мен нақты: "Сарбасовты қашан қамауы мүмкін, өзің абай бол, камера қой" деп Элмира ханымға ескерткенмін. Егер мен, Элмира ханым айтып жүргендей, Сарбасовпен немесе Жұмашовпен қандай да бір байланыста болсам, оларды Дубайдан-ақ алдын ала ескертіп: "Ғалымжан сенің үстіңнен арыз жазды, тіркеуге алды, сені қамағалы жатыр, қаш" деп айтуыма болар еді ғой. Бірақ мен ондай әрекетке барған жоқпын. Менің жалғыз мақсатым – білім саласындағы жүйеленіп кеткен жемқорлықты ашу болды, – дейді заңгер.
Айгүл Орынбектің айтуынша, 2023 жылдың қараша айында тергеуші Ернар Күзенбаев Сарбасовты қамауға алу керек екенін айтқан. Бірақ тергеудің баяу жүруіне наразы болған Элмира Дүйсенқызы тергеушіге сенімсіздік білдіріп, істі жоғарыға жолдауды сұраған.
– Мен оның арызын алып кеткен соң: "Бүкіл мән-жайды толық баяндап беріңіз", – деп сұрадым. 1 желтоқсанда Элмира ханым өз жұмыс орнына шақырып, болған оқиғаның бәрін бүге-шігесіне дейін айтып берді. Ол маған жоғары тұрған Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына арыз дайындап беруді сұрады, – дейді Айгүл Орынбек.
4 желтоқсанда алғашқы тергеу амалдарына шақырылғанда, Айгүл Орынбек тергеу барысындағы бір заңсыздықты байқағанын айтады:
– Тергеуші Ернар Күзенбаев мені бірден іске қатыстырған жоқ. Себебі Элмира Дүйсенқызы ол кезде жәбірленуші емес, тек куәгер ретінде танылған екен. Мен таңғалдым: арызданушы қалай куәгер болады? Осыған байланысты тергеушімен келіспеушілік туындады. Сөйтіп мені тергеу ісіне мүлде қатыстырмай, шығарып жіберді. Демек, заңгер ретінде мен бұл іске алғашқылардың бірі болып қатысқан жоқпын. Мұны ҰҚК-нің берген ресми анықтамасы да дәлелдейді.
Одан кейін тергеу мүлде тоқтап қалған. Айгүл Орынбектің айтуынша, Элмира Дүйсенқызы тергеуші Күзенбаевтың әрекетіне көңілі толмай, Астанадан Алиamp жетекшілік ететін басқа тергеу тобын күткен. Бірақ іс созылып кеткен.
– Мен "Астанаға барып, арыз жазайық, Сарбасов пен Жұмашовты неге қамамай отыр?" деп бірнеше рет ұсыныс айттым. Бірақ Элмира ханым "Жоқ, жаңа тергеу тобы келеді" деп, бәрін созбалаңға салды. Содан бері нақты қадам жасалмай келеді, – дейді Айгүл Орынбек.
Айгүл Орынбектің айтуынша, 2023 жылдың 24 желтоқсанында Эльмира Дүйсенқызы оны үйіне шақырып, М. Сарбасовқа қатысты дауыс жазбасы жайлы сөз қозғаған.
– Эльмира М.Сарбасовтың дауысы жазылған жазбаны біреуге ұсынғанын айтты. Мен бірден 'Кабинет таза ма?' деп сұрадым. Себебі ол жерде Эльмира Күзембаевтың – ҰҚК-нің ішкі тергеу тобының жетекшісінің заңсыз әрекеттері туралы айтқан еді. Кабинетке оның көмекшілері мен басқа қызметкерлер де кіріп жүретін. Бірақ Эльмира «ол жер таза» деді, ал жазбада тек өзінің даусы бар екенін айтты. Яғни, Сарбасов ұсынған жазбада менің даусым жоқ”, – дейді А.Орынбек.
Осы тұста қоғам белсендісі М.Сарбасов пен тергеу тобы арасындағы байланысқа күмән келтіріп, тергеу тобы жазбаны өзінің Сарбасовпен байланысы бардай етіп көрсетуге тырысқан болуы мүмкін екенін алға тартты.
– «Менен «сен жаздың ба?» деген сұрақ туады. Иә, мен жаздым. Бірақ ол жазбаны Сарбасовқа беру үшін емес, егер іс жабылып қалса, бас прокуратура мен ҰҚК төрағасына барып, «білім саласындағы жемқорлық неге жабылып қала береді?» деп көрсету үшін жасадым. Жазбаларда түрлі тұлғалардың дауысы бар. Ал олар Эльмира менің үстімнен жалған арыз жазған соң ғана жария болды», – дейді заңгер.
Айгүл Орынбек өз бейнежазбасында Эльмира Дүйсенқызына қарата өткір сын айтып, логикалық қайшылықтарға назар аударды.
– Эльмира, логикаң қайда? Егер мен Сарбасовпен байланыста болсам, неге білім саласындағы жемқорлықты ашу үшін ҰҚК төрағасына ресми үндеу жасап, барлық құзырлы органдарды тексеруді талап етемін? Неге жоғарыға арызданамын?», – деді қоғам белсендісі.
;feature=youtu.be
Abai.kz