АЭС салу қаншаға түседі?

Қазір АЭС құрылысына қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан сауалдардың бірі - АЭС салу қанша тұрады? Сарапщылар, әзірге жобаның нақты құны туралы айтуға ерте екенін айтады.
Бұл бірнеше факторға байланысты болады, оның ішінде:
1. Инженерлік-іздестіру жұмыстарының нәтижелері – яғни, құрылыс үдерісіне жердің метеорологиялық және сейсмологиялық жағдайлары қалай әсер ететіні. Бұл ретте қауіпсіздік мәселесі басты басымдыққа ие екенін ескеру қажет;
2. Жобалық жеткізуші құрамына кірмейтін халықаралық өндірушілердің жабдықтарын пайдалану. Мысалы, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, құрылыс барысында кейбір арнайы бөлшектер қажет болуы мүмкін, ал оларды тек белгілі бір компаниялар өндіреді және олар консорциум құрамына кірмеуі мүмкін;
3. АЭС салу жоспарланған аумақта құрылыс материалдары мен жабдықтарды жергілікті деңгейде өндіру мүмкіндігі. Бұл тұрғыда жергілікті өндірістік және техникалық инфрақұрылымның халықаралық сапа стандарттарына сай болуы маңызды;
4. Логистикалық, қаржылық және өзге де шығындар.
Жалпы алғанда, АЭС құрылысы өзін-өзі ақтайды, себебі ол елде ядролық индустрияны дамытуға жол ашып, ұлттық экономиканың жан-жақты өсуіне ықпал етеді.
Abai.kz