Бес Д-ның дауылы

Бүгінгі жаһандық экономика кеше ғана көрген бейнеміз емес. Дүниені бес бағыттан – бес Д-ның дауылы шайқап тұр: деглобализация, декарбонизация, дүдәмәл қарыз, диджитализация, демография.
Қарапайым тілмен айтсақ…
Деглобализация – әлем біртұтас нарық болудан қалып барады. Әр ел өз тауарын өзі өндіріп, шекара сыртынан келетінге шектеу қоюда. Инфляцияның өршуі мен экономикалық оқшауланудың басты себебі де осы.
Декарбонизация – климат өзгерісі жай ғана ескерту емес, енді әр үйге еніп келе жатқан нақты қауіп. Табиғаттың тосын мінезі дауыл, өрт, тасқын – бәрі бюджетті жұтып жатыр. Яғни, тағы да – инфляция.
Демография – халықтың қартаюы, туу көрсеткішінің азаюы зейнетақы мен медицина шығынын арттырып, жұмыс істейтін адам санының азаюына әкелуде. Бұл да салық базасын тарылтып, мемлекетке қысым түсіреді.
Дүдәмәл қарыз – пандемия кезінде алынған триллиондар елдердің қарызын рекордтық деңгейге жеткізді. Қазір кейбір елдер борышының өсімі қорғаныс бюджетінен де асып кеткен.
Диджитализация – бұл бес «Д»-ның ішіндегі жалғыз үміт оты. Генеративті жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар өнімділікті арттырып, энергияны үнемдеп, таза өндіріс құралдарын дамытудың жолын ашуы мүмкін.
Дереккөзі: Мың теңге телеграм арнасы
Abai.kz