Абай облысында 1100-ден аса сайт бұғатталды

Жыл басынан бері Абай облысында 408 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді — бұл былтырғыдан 55,7%-ға көп. Бұл туралы ІІМ хабарлады.
- Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы 17 эпизод бойынша 11 күдіктіні ұстады
- 1 190-нан астам фишинг сайт бұғатталды
-“Антифрод орталығы” арқылы 392 жалған шот иесі (дроппер) анықталды
- 16,5 млн теңге бұғатталып, 9,8 миллионы жәбірленушілерге қайтарылды
Семейде ҰҚКД-пен бірлескен рейд кезінде SIM-box құрылғысын заңсыз пайдаланған 60 жастағы азамат ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Полиция ескертеді: жеке деректерді бөтен адамдарға бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
Abai.kz